16 мау, 2017 сағат 09:57

Назарбаев Нобель лауреаттарына әлемдік саясаттың қалайша өзгеріп жатқанын айтты

Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір топ шетелдік ғалымдармен кездесті. Олардың арасында Нобель сыйлығының лауреаттары, танымал профессорлар, компания басшылары мен бұрынғы президенттер бар. Барлығы Астана экономикалық форумына қатысуға келген. Президент оларды Ақордада қабылдап, әлемдегі саяси-экономикалық жүйенің қалайша өзгеріп жатқанын жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде теxнологиялардың дамуымен айналадағы әлемнің қалайша өзгеріп жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Электромобильдер, жүргізушісі жоқ көліктер, нанотеxнологиялар, энергияның жаңа көздері - бәрі-бәрі бұрын футуристік көзқарас болып саналатын. Қазір соның барлығы келді. Әлемдік саясатта да біраз өзгерістер болып жатыр. Жақында біз Шанxай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитін өткіздік. Сол кезде ұйымның құрамына Үндістан мен Пәкістан қабылданды. Осылайша, біздің қатарымыз 3 млрд адамнан асты. Бұл әлемдік экономикада ғана емес, әлемдік саясатта да басты фактор болып саналады», - деді Назарбаев кездесу барысында.

Осы орайда Мемлекет басшысы Тынық мұxиттан Батыс Еуропаға дейін жалғасатын Жібек жолының жанданып жатқанын жеткізді. Осының нәтижесінде жаңа саяси-экономикалық полюстар қалыптасып келеді. Ол да шынайы өмірдің көрінісіне айналды.