#
#
Cәрсенбі 23/10/2019

Назарбаев «Невада-Семей» қозғалысының мерейтойлық медалімен марапатталды

  • 18.09.2019
  • 0
  • 720

Бүгін Қазақ ұлттық өнер университетінде «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Конференцияның ашылуында сөз алған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жиналғандарға Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. Ақын, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының көшбасшысы Олжас Сүлейменов бүгінгі құттықтауы мен ядролық сынақты тоқтатуға қосқан еңбегіне ризашылық ретінде Елбасы Н.Назарбаевты қозғалыстың 30 жылдығына арнап шығарылған мерейтойлық медалімен марапаттады. Сондай-ақ мерейтойлық медаль Мәдениет және спорт министріне де тапсырылды», - делінген ҚР Мәдениет және спорт министрлігі таратқан ақпаратта.




Жиын барысында Ақтоты Райымқұлова бүгінгі шара – қозғалыстың салтанатты мерейтойы ғана емес, қазақстандық қоғам мен барша адамзаттың бейбітшілік пен таза ғаламшар үшін күресінің маңызды кезеңі екендігін баса айтқан.

«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы белсенділерінің, қоғамның арқасында 1989 жылға жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11-і жүзеге аспады. Осындай күш-жігер мен батыл қадамдарыңызбен сіздер ғаламдық сананы өзгертуге үлес қосып, бейбітсүйгіштік идеяның маңыздылығын іс жүзінде дәлелдедіңіздер», - деді министр.

Конференция жұмысына Жапонияның Қазақстандағы елшісі Тацухико Касаи, халықаралық қозғалыс мүшелері, Нобель сыйлығының лауреаттары қатысты.

Айта кетерлігі, Қазақ жерінде 1949 жылдан бастап 40 жылға жуық уақыт ядролық сынақ жүргізілді. 450-дей сынақтың салдарынан радиациялық сәуленің күшті дозасын алған полигон маңындағы ауыл тұрғындары оның зардабын әлі күнге тартып келеді. О.Сүлейменов 1989 жылы ядролық сынаққа қарсы «Невада-Семей» қозғалысын құру туралы үндеу тастады. Араға 2 жыл салып, Президент Н. Назарбаевтың Жарлығымен полигон толықтай жабылды. Кейіннен 29 тамыз – халықаралық ядролық қаруға қарсы күрес күні болып бекітілді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар