11 шіл, 2018 сағат 12:16

Назарбаев: Мен үшін Алакөл - теңіз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның табиғаты мен жағажайына тәнті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мен Алакөлде болдым. Оны білетін шығарсыздар. Бұл әлемде теңдесі жоқ демалыс аймағы. Оған Балқаш өзенінің жағалауы кіреді. Біз Алакөлге апаратын теміржолды салдық. Енді ол жаққа адамдар келу үшін аэропортты дамыту қажет. Алакөл мен үшін - теңіз. Мен солай деймін. Ол жылына 95 күн жұмыс істейді. Маған шомылу маусымында осылай жұмыс істейтін курорттық аумақты айтыңыздаршы. Тіпті Түркияда осылай жұмыс істемейді. Каспий теңізінің жағалауы да ерекше. Онымен жеке жұмыс істеу керек», - деді Елбасы.

Сонымен қатар Президент Алматы облысында да туризимді дамытуға зор мүмкіндік бар екенін айтты.

«Алматы облысында біз шаңғы курорты туралы айтамыз. Мұны да дамыту қажет. Мүмкіндік пен идеялар, жобалар бар. Бізде Шарын шатқалы туралы білетіндер аз. Тіпті шетелдіктердің өзі ол Солтүстік Америкадағы ұлы шатқалдан үлкен екенін айтады. Ол жақта болған азамат естен кетпес әсер алады», - деп түйіндеді сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.