#
#
Cәрсенбі 23/10/2019

Назарбаев Қытайдың бастамасы туралы не ойлайтынын айтты

  • 24.09.2019
  • 0
  • 174

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев астанада алғаш рет өтіп жатқан Еуразия елдері парламенті спикерлерінің IV кеңесін ашты. Өз сөзінде Елбасы Қытайдың бастамасы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз Қытай халық республикасының "Жаңа Жібек жолы" бастамасын қолдаймыз. Себебі осы бастама біз үшін тиімді, біз теңіз жолдарына шыға бастадық", - деді Назарбаев.

Еуропа мен Азияның алпыстан астам парламенттік делегациялары қатысып жатқан кеңесте Назарбаев Қазақстанның жетістіктері туралы айта келе, инфрақұрылымдық жобаларға баса назар аударды. Себебі осы бастамалардың арқасында алыс нарықтарға шығуға болады.

"Біздің теңізге шыға аламасақ та, ауқымды инфрақұрылымдық жоспарды қолға алдық. Қазіргі кезде осы жоспардың екінші бесжылдығы басталды. Қысқа уақыттың ішінде 15 мың шақырымнан астам автомобиль мен теміржол жөнделіп, жаңадан салынды. Осының арқасында Тынық пен Атлант мұхиттарына, Каспий арқылы Парсы шығанағына шықтық", - деді ол. 

Тұңғыш Президенттің сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстан арқылы Ресей мен Еуропаға өтетін контейнерлік тасымалдың көлемі жыл сайын екі есеге артып келеді.

"Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан Азия мен Еуропаны, солтүстік пен оңтүстікті біріктіріп отырған тиімді транзиттік мемлекетке айналды. Біз өз экономикамыздың техникалық және цифрлық әлеуетін барынша көтеріп жатырмыз. Қазақстан ТМД мен Шығыс Еуропа елдері ішінде бірінші болып ЭКСПО-2017 көрмесін өткізді. Елордамызда "Астана" Халықаралық қаржы орталығы ашылды. "Doing business" рейтингісінде Қазақстан 190 елдің ішінде 28 орынды алып отыр", - деп атап көрсетті Назарбаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар