21 шіл, 2017 сағат 07:10

Назарбаев қысқа мерзімді демалысқа шықты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

"Мемлекет басшысы қысқа мерзімді демалыста", - делінген хабарлама мәтінінде.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Әбішұлы 2017 жылдың қаңтар айының басында қысқа мерзімді еңбек демалысына шыққан еді.