05 мам, 2018 сағат 07:21

Назарбаев қырғыз басшысымен сөйлесті

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы тараптардың өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.