21 сәу, 2017 сағат 12:21

Назарбаев күнделікті таңғы уақытта Астананы аралып шығуға уәде берді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық әкімдердің қалай жұмыс істеуі керектігі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"Қаланың жақсы мэрі "қаланың жақсы мэрі" болуы керек. Ол таңғы сағат 5-те тұрып, орынбасарларымен және аппаратпен бірге бүкіл қаланы аралап шығады. Сосын жұмысқа келіп, былай дейді: "Қазір Президент келгенге дейін барлығын тазалап, жуып, ақтап қойыңдар". Енді сен бұл жұмысты істегің келмесе, онда мен EXPO-ға дейін таңертеңгі уақытта қаланы аралып шығып, сосын барып жұмысқа баратын боламын. Бұл барлық қалалар мен облыс орталықтарына қатысты. Қала басшысы қала қожайыны болуы керек, қаланы жақсы көруі керек", - деді Мемлекет басшысы EXPO-2017 көрмесінің дайындығына қатысты жиында.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев осыған дейін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті Астана көшелеріндегі құрылыс қоқыстары үшін сөккен болатын. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы үгілген плиткаларға қатысты Астана билігін сынға алған еді.