21 қаз, 2017 сағат 10:10

Назарбаев ҚР Қауіпсіздік кеңесіндегі бөлім басшысын тағайындады

Бақыт Құрманбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Бақыт Жанұзақұлы Құрманбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қазақстандық БАҚ-тардың мәліметінше, Бақыт Құрманбаев мұның алдында ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық саясат департаментінің басшысы қызметінде болған.