29 қар, 2019 сағат 11:40

Назарбаев Консультативтік кездесудің Құрметті төрағасы атанды

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшылары Консультативтік кездесуінің Құрметті төрағасы мәртебесі берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Екінші консультативтік кездесуде делегация басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекет басшылары Консультативтік кездесуінің Құрметті төрағасы мәртебесін беру жөнінде шешім қабылдады», - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев Twitter -дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, кеше Елбасы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына сапармен барған болатын.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекет басшылары екінші консультативтік кездесу алаңында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті.