03 нау, 2017 сағат 07:53

Назарбаев: Конституциялық реформа қоғамды әрі қарай демократияландыруға бағытталған

Үкімет Президенттің шаруашылық басқару саласындағы 35 өкілеттігін төменгі деңгейге беру жөнінде заң жобасын дайындайды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті конституциялық реформаның маңызды мәселелеріне қатысты заң жобасының бағыт-бағдары айқын екендігін баса айтты.

«Ондағы өзгерістер қоғамды ары қарай демократияландыруға бағытталған. Парламенттің рөлін арттырып, Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге арналған жобалар. Ол құқық қорғау, сот жүйесі, конституциялық бақылаудың негіздерін де жетілдіреді. Сонымен бұл жобада Парламент талқылауына Конституцияның 23-бабына өзгерістер ұсынылып отыр. Менің тапсыраммен Үкімет Президенттің шаруашылық басқару саласындағы 35 өкілеттігін төменгі деңгейге беру жөнінде заң жобасын дайындайды», - деді Елбасы. Мұнан бөлек, Мемлекет басшысы басқа да заңдарда көрсетілген президенттің өкілеттіктері де Парламент пен Үкіметтің құзырына берілетіндігін атап өтті. «Заңдар да ұзамай Парламентке енгізілетін болады. Біз осы заңдар арқылы билік тармақтары мен олардың арасындағы өкілеттіктерді барынша тиімді етіп қайта бөлеміз. Осының барлы жаһандық және өңірлік сын-қатерлерге уақытылы жауап беріп, алдын алу үшін жасалуда», - деді Назарбаев.