27 қар, 2017 сағат 13:23

Назарбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан Президентінің келесі жылдың басында Америка Құрама Штаттарына жасалатын сапарына қатысты жүргізіліп жатқан дайындық барысы жөнінде баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сапардың маңыздылығына тоқталып, оның аясында жоғары деңгейде бірқатар маңызды кездесулер мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысу жоспарланып отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы кездесу соңында елшіге бірқатар нақты тапсырма берді.