27 нау, 2018 сағат 08:07

Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясын шақыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өкімде Ассамблеяның кезекті 26-ыншы сессиясы 28 сәуір күні Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтетіндігі айтылған. Сессия тақырыбы - «Бес әлеуметтік бастама - қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры».

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасы  Президентінің Өкімі

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясы 2018 жылғы 28 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев                                                   

Астана, Ақорда, 2018 жылғы  26  наурыз