15 ақп, 2018 сағат 13:46

Назарбаев Кәрім Мәсімовті қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Комитеттің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде мәлімделді.

Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен мемлекет басшыларының алдағы кездесулері қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік қауіпсіздікті нығайту және діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу ісінде шетелдік әріптестермен өзара ықпалдастық орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.