27 ақп, 2018 сағат 09:24

Мемлекет басшысы Бозымбаевты кешірді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаева берілген тәртіптік жаза алынды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" "Егемен Қазақстан" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекет басшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасы энергетика министрі Бозымбаев Қанат Алдабергенұлына жарияланған сөгістің күші жойылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Назарбаев былтыр күзде еліміздегі жанар-жағармай материалдарының тапшылығына байланысты Бозымбаевқа сөгіс жариялаған болатын. 

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздегі жанармай тапшылығы Қазақстан Үкіметі мен Энергетика министрлігі тарапынан нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үшін уақтылы шешім қабылдамауы салдарынан болып отыр.