06 қаз, 2019 сағат 09:08

Назарбаев Головкинді жеңісімен құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандасымыз Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан боксшысы бұл жекпе-жекте тағы да асқан шеберлік, спортшыға тән мінез бен қажымас қайрат танытқандығын атап өтті.

«Сенің жарқын жетістіктерің Қазақстан жанкүйерлеріне қуаныш сыйлап елімізде спортты одан әрі дәріптеуге септігін тигізіп отыр. Саған мықты денсаулық, бақ-береке және жаңа жетістіктер тілеймін», - делінген жеделхатта.