17 мам, 2018 сағат 09:43

Назарбаев: Ғасыр ортасында мегаполистердің дәуірі туады

21 ғасырдың ортасында қалалардағы халықтың 7 млрд-қа жетеді. Бұл – процес жалғаса береді. Мегаполистер дәуірі келе жатыр. Олар инвестиция, білікті мамандар мен технологиялар үшін тартысқа түседі. Бұл туралы ХІ Астана экономикалық форумында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жиында Қазақстан президенті халықтың жаппай қалаларға қоныстану процесіне назар аударуға шақырды.

«Төртінші мега тренд, урбанизация процесінің қарқыны мен сипатының өзгеруі. БҰҰ мәліметіне сәйкес, 21 ғасырдың ортасында қалаларда тұратын халықтың саны 7 млрд-қа жетеді. Сондай-ақ, ірі агломероцияларда халықтың көптеп шоғырлану процесі жалғасады. Мегаполистер дәуірі келе жатыр. Олардың арасында бәсекелестік пайда болады. Мегаполистер барлық жағдайды жасай отырып, инвестиция, ақылды, білімді адамдар және техногиялар үшін тартысады. Бұл – экономика үшін маңызды», - деді Елбасы.

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев аталған өзгерістерге қатысты Қазақстанда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Осы жағдайды ескере Қазақстан агломерацияны дамытуды стратегиясын қолға алды. Егер бізде бұрын 1 млн адам тұратын тек бір қала, яғни Алматы болса, енді оған Астана, Шымкент шаһарлары қосылды. Осылайша, бізде 3 миллионер қала бар. Бұл процес жалғаса береді. Сондықтан Астананың 20 жылдығына орай Жібек жолында орналасқан ірі қалалардың форумын өткіземіз», - деді Мемлекет басшысы.