14 мау, 2018 сағат 23:24

Назарбаев футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласындағы «Лужники» стадионында футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ашылу рәсімі аяқталған соң Ресей және Сауд Арабиясы құрама командалары арасында чемпионаттың ақтық кезеңінің бірінші ойыны болды.

Алғашқы кездесуде алаң иелері - Ресей құрамасы Сауд Арабиясынан 5:0 есебімен басым түсті

Екі құрама бұған дейін 1 мәрте кездесу өткізген екен. 1993 жылы өткен жолдастық кездесуде араб жігіттері 4:2 есебімен басым түскен еді. Ал ресми кездесуде екеуі ешқашан кездесіп көрмеген.

Айта кетейік, 2018 жылғы әлем чемпионатының ақтық кезеңі 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Турнирге 32 ұлттық құрама команда қатысады. Командалар арасындағы ойындар Ресей Федерациясының 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.