13 жел, 2017 сағат 11:17

Назарбаев ЕАЭО-ның Кеден кодексіне қол қойды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО Кеден кодексі туралы шартты ратификациялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорда.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.