10 қаз, 2018 сағат 11:57

Назарбаев: Діни құндылықтардың саяси идеологиядан ара жігін ажырату керек

Діни құндылықтардың саяси идеологиядан ара жігін ажырату керек. Бұл туралы бүгін елордада  өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  VI съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Барлығына қолжетімді білімнің болмауы қазіргі заманның жаһандық проблемаларының бірі болып қалуда.  Бүгінде әлемде 750 миллион адам жаза да, оқи да алмайды. Білім мен ғылымға жаппай тартпай кедейшілік пен жоқшылықты еңсеруге болмайды», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті білім радикализм идеяларының кез келген көріністеріне қарсы тұрақты иммунитеттің негізі саналатындығын баса айтты.

«Бұл ретте діни сауаттылық төтенше маңызды мәнге ие. Қазір оның платформасын түрлі псевдодіни ұйымдар белсенді пайдаланып отыр. Сондықтан әлемдік және дәстүрлі діндер діни құндылықтардың саяси идеологиядан ара жігін ажырату бойынша жұмыстар жүргізе алар еді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.