10 қаз, 2018 сағат 09:47

Назарбаев: Дін көшбасшылары әлем елдерін бейбітшілікке шақырулары қажет

Дін көшбасшылары әлем елдерін бейбітшілікке шақырып, сөз сөйлеулері қажет. Бұл туралы бүгін елордада  өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздер мен біздер жер бетінде бейбітшілікті қамтамасыз ету ұмтылысымызға негіз болған зор әлеуетімізді лайықты деңгейде пайдаланамыз.  Өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне шығу қажет. Сөз жанжалдасушы тараптардың арасында конструктивті диалог орнату үшін діни көшбасшылардың, діни ұйымдардың зор мүмкіншілігін пайдалану жайында болып отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте Қазақстан Президенті барлық дін көшбасшыларына әлемдік қоғамдастықты, адамдарды, мемлекеттерді бейбітшілік пен қауіпсіздікке шақырып, сөз сөйлеуді ұсынды.

«Оны әрбір діннің тәжірибесіне сәйкес фетва, инцикликтика немесе өзге де жолдаулар мен жүгінімдер формасында білдіруге болар  еді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.