20 шіл, 2018 сағат 11:31

Назарбаев Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Қ.Қожамжаровқа және Ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ тергеу шараларының егжей-тегжейлі әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Сондай-ақ Елбасы Президент Әкімшілігінің басшылығына тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.