25 шіл, 2018 сағат 16:56

Назарбаев даңғылындағы Фурмановтың ескерткіші ықшамауданға көшіріледі

Осыған дейін Назарбаев даңғылында тұрған Дмитрий Фурмановтың ескерткіші "Сары-Арқа" саябағына көшіріледі. Бұл туралы Алматы қалалық Мәдениет және мұрағаттар басқармасының өкілдері хабарлады, деп жазады Тengrinews.kz.

"Дмитрий Фурмановқа арналған ескерткіш Кеңес одағының бұрынғы басшыларына арналған ескерткіштер тұрған "Сары-Арқа" саябағына орнатылады", - деді ведомство өкілдері.

Осыған дейін Назарбаев даңғылы (бұрынғы Фурманов - Авт.) мен Құрманғазы көшесінің қиылысында Дмитрий Андреевич Фурмановтың құрметіне қойылған ескерткіштің жоғалып кеткені хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, былтыр қараша айында Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгертілген еді.

Еске сала кетейік, былтыр қараша айында Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгертілген еді.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazarbaev-dangyilyindagyi-furmanovtyin-eskertksh-290714/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.tengrinews.kz