05 жел, 2017 сағат 13:11

Назарбаев бюджеттік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған заңға қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бюджет шығыстарының тиімділігін арттыруға, бюджеттік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.