14 мам, 2017 сағат 09:21

Назарбаев Бейжіңде "Бір белдеу, бір жол" форумына қатысты

Қазақстан Президенті шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары және делегациялары келген  «Бір белдеу, бір жол» атты Бейжіңдегі халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

"Қазіргі процестерге қарағанда адамзат қауымдастығының әлемдік тарихы зор даму дәуірінен, терең өзгерістер мен жаңғырулардан өтіп жатыр. Әлем елдері қазіргідей тығыз байланысып көрмеген, халықтардың тамаша өмірге деген жігерлі талпынысы мен қиындықтарды өткеруге деген құралы жетер шегіне жетіп отыр. (...) 2013 жылдың күзінде Қазақстанда, кейін Индонезияда Жібек жолы экономикалық белбеуі құрылысын бірігіп салу бастамасын көтердім және халықаралық ұйымдар бұл жобаның құрылысына қолдау білдірді", - деді ҚХР төрағасы.

Си Цзиньпиннің айтуынша, Жаңа Жібек жолы жобасы қатысушы елердің қазақстандық "Нұрлы жол" саясаты секілді бейбіт даму бастамаларын біріктіреді.

Форумның басты мақсаты - ынтымақтастықты жандандыру бағыттарын талқылау, өзара іс-қимыл платформаларын қалыптастыру және ынтымақтастық нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу.

Іс-шарада инфрақұрылымдық байланыс, сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіптік инвестициялар, энергетика мен ресурстар, қаржылық қолдау, қоршаған ортаны қорғау сияқты маңызды мәселелер талқыланатын болады.