27 ақп, 2017 сағат 07:12

Назарбаев Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен "АТОМ" жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіков Нобель сыйлығына ұсынылды. Бұл туралы kaz.tengrinews.kz жазды.

Бұл бастаманы Швейцариядағы Базель қаласында орналасқан ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе көтеріп отыр. Бұл туралы Варе Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Биыл мен ядролық қаруды жоюдағы ерен еңбегі үшін Кәріпбек Күйіковті және ҚР Президенті Назарбаевты Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсындым", - деп жазды ол. Сыйлыққа номинанттардың тізімінде Назарбаев пен Күйіков туралы ұсыныс шотландиялық саясаткер Билл Киддтен түскені айтылады.