#
#
Сенбі 15/12/2018

Назарбаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынды

  • 05.03.2018
  • 0
  • 21700

ҚР Парламентінің біріккен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың пәтерге қол жетімділігін арттыратын «7-20-25» бағдарламасы іске қосылатын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Қос Парламенттің біріккен отырысында Мемлекет басшысы халықтың жағдайын жақсарту мақсатында президенттің 5 әлеуметтік бастамасын ұсынды. Алдымен Қазақстан президенті елімізде пәтер мәселесі өзекті күйінде қалып отырғанын хабарлады.

«Бірінші бастама. Бұл – әрбір отбасыға үй алуға жағдай жасау. Біз соңғы жылдары азаматтарымыздың үй алу мүмкіндігін кеңейту үшін көп жұмыс істедік. Өткен жылы ауданы 11,2 млн шаршы метр болатын тұрғын үй салынды. Бұл - бұрын болмаған рекордтық көрсеткіш. Алайда бұл атқарылған жұмыстар жеткіліксіз. Әлі күнге дейін көптеген отбасыда өзінің үйі жоқ. Бұл әлеуметтік маңызы бар проблеманың бірі. Біз ипотекаға қолжетімділікті арттырып, осы мәселені шешу үшін барлық жағдайды жасау керек», - деді Елбасы.

Осы орайда ол әрбір жұмыс істейтін қазақстандықтың пәтер алу үшін тиісті жағдай жасалатынын жеткізді. Ол үшін арнайы бағдарлама іске қосылады.

«Әрбір жұмыс істеуші азамат пәтер сатып алу үшін тиісті тетіктерді қарастыруымыз керек. Ол алған қарызын отбасылық бюджеттің мүмкіндігін қарастырып төлеп отыруы қажет. Сондықтан мен «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Яғни бір жұмыс істеп отырған қазақстандық ипотекаға үй алып, келесі талаптар бойынша үй алатын болады. Ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 14-16% емес, 7% құрайды. Егер қазіргі таңда банктер ипотекалық несиенің міндетті бастапқы жарна 30%, кейде 50% талап етсе, енді міндетті алғашқы жарна 20% аспауы керек. Ал ипотека 10-15 жылға емес, 25 жылға берілуі керек. Бұл азаматтар төлейтін ай сайынғы ақшаның мөлшерін азайтады», - деп түйіндеді сөзі Мемлекет басшысы.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар