#
#
Сейсенбі 23/04/2019

Назарбаев «Astana Group» компаниялар тобының президентін қабылдады

  • 07.02.2019
  • 0
  • 631

Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Group» компаниялар тобының президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына отандық автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамытуға байланысты тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берілді.

Нұрлан Смағұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа «Астана Моторс» компаниясының Алматы қаласында «Hyundai» жеңіл көлігін жасау зауытының құрылысын бастағаны жөнінде баяндады.

«Кәсіпорынның қуаты алғашқы кезеңде 30 мың автомобиль шығаруға жетеді. Ал, келесі кезеңде өндіріс көлемі жылына 45 мыңға дейін артатын болады. Соның арқасында Қазақстан нарығын сапалы әрі қолжетімді «Hyundai» маркалы жеңіл автомобилімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ көлікті ТМД елдеріне экспорттауға жол ашылады. Жобаға бөлінген инвестицияның жалпы көлемі - 25 миллиард теңге. Бұған өз қаражатымыздан бөлек коммерциялық талаптарға сай заемдік қаржы тартылмақ. Зауыт 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», - деді Нұрлан Смағұлов.  

Кездесу соңында Нұрлан Смағұлов Мемлекет басшысына Қазақстан бизнесіне тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны және «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы сияқты көлік саласына несие бөлу бағдарламасы жөнінде шешім қабылдағаны үшін алғыс айтты.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар