21 нау, 2019 сағат 16:05

Назарбаев Армения Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Армен Саркисян Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен екі ел халықтарының игілігіне негізделген қарым-қатынастарды қалыптастыру және дамыту ісіндегі рөлін жоғары бағалайтынын айтты.

Сондай-ақ, Армения Президенті Армен Саркисян Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосқан қазіргі замандағы ең беделді саясаткерлердің бірі екенін атап өтті.

Тараптар алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.