#
#
Сейсенбі 19/03/2019

Назарбаев Абу-Дабидегі 50 мың адамға арналған мешітке барды

  • 14.03.2019
  • 0
  • 227

Қазақстан Президенті шейх Заид мешітіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласындағы көрікті жерлерінің бірі – шейх Заид мешітін аралап көріп, осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның рухына тағзым етті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мешіт ғимаратының архитектуралық ерекшелігімен танысып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Айта кетейік, мешітке бір уақытта 50 мың адам сыяды. Ғибадат орнының бұрыштарына биіктігі 107 метр болатын төрт мұнара орнатылған. Бас ғимараттың сыртқы қабатын ақ мәрмәрмен көмкерілген 82 күмбез жауып тұр. Мешіттің ішкі аумағы - 17 400 шаршы метр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар