#
#
Сенбі 23/06/2018

Назарбаев 2022 жылға дейін студенттер жатақханасы тапшылығын жоюды тапсырды

  • 05.03.2018
  • 1
  • 1254

Елбасы елімізде студенттер жатақханасы тапшылығын жоюды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысында мәлімдеді.

"Әлемдік стандарттар бойынша білім алу жүйесін құруда бізге оқу жағдайына, студенттердің тұрғын орнына назар аудару қажет. Өздеріңіз білесіздер, шеттерден келетіндер қаланың шетіндегі ескі ғимараттарды жалдап, содан зардап шегіп жатады. Мұндайда, әрине, сапалы білім алу туралы айтудың да қажеті жоқ. Бүгінде студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі көтеріліп отыр. Бұл міндетті шешу үшін ЖОО-лар, колледждер және девелопер-компаниялар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік принципі бойынша жаақхана құрылысын бастауы қажет", - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Назарбаев Мемлекет өз тарапынан білім және ғылым министрлігі арқылы инвестицияның бір бөлігі жатақхана құрылысына бөлінуіне кепіл болатынын мәлімдеді.

"2022 жылдың соңына дейін 25 мың орындық жаңа студенттік жатақханалар. Бұл алдағы жылдардағы тұтыну мөлшері көбеюін есепке алғанның өзінде мәселені толықтай шешуге мүмкіндік береді", - деді ҚР Президенті.

1 пікір

  • ГагиСейсенбі, 06.03.2018

    Студенттер жатақханасының тапшылығын жоюға тапсырма берген Президенттің болашаққа деген көзқарасын айқындайды. Ол жастардың ешнәрседен қиналмай білім алуына барлық себептерді жасап отыр.

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар