06 сәу, 2020 сағат 19:10

Наурызда күріш, ұн мен ет өндірушілер бағаны қымбаттатқан

Наурыз айында Қазақстанда күріштің бағасы - 2%, қара бидай ұнына - 3,4%, мал еті 2% қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

«Өнеркәсіп өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың бағасы ағымдағы жылғы үш айда (2020 жылғы наурыз айын 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда) 1,7% төмендеді. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 3,2%, өңдеу өнеркәсібінде 0,5% төмендеуі байқалды. Өнеркәсіптік өнімдер 2,1% арзандады, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 2,1% қымбаттады», - делінген ақпаратта.

Статистика комитеті сондай-ақ өткен айда болған баға өзгерісін мәлім етті. Атап айтқанда, наурызда өндіруші кәсіпорындар бағасы мұнайға - 5%, мазутқа - 2,8%, бензинге - 0,7%, дизель отынына 0,3% төмендеді. Ал металл кендеріне - 9,3%, табиғи газға - 1,5%, көмірге 0,3% жоғарылады.

Баға сондай-ақ мырышқа - 7,5%, қара металдар илегіне - 6,4%, мысқа - 3,3%, қорғасынға 2,7% төмендеген. Асыл металдар құны - 2,4%, алюминий 1,4% қымбаттады. 

«Өндірушілер бағасының күрішке - 2%, құс етіне - 1%, балыққа 0,6% төмендегені, жармаларға және қара бидай ұнына - 3,4%, мал етіне - 2%, сүт өнімдеріне - 1,9%, өсімдік майына - 1,8%, бидай ұнына - 1,3%, макарон өнімдеріне - 0,9%, шайға - 0,7%, нанға және қантқа 0,5% жоғарылағаны тіркелді», - делінген ақпаратта.