07 қаз, 2017 сағат 18:10

NASA: Жерге аса қауіпті астероид таяп қалды

Жер астероидтар шеңберіне кірді, деп хабарлайды шетелдік БАҚ NASA және ЕҒА-ға сілтеме жасап. Ғалымдар 2012 TC4 астероиды біздің ғаламшар үшін аса қауіпті екенін айтады.

Алдын ала есептеулерге қарағанда, 12 қазан күні аталған аспан денесі Жерден 43 мың километр қашықтықтан өтеді. Бұл Айға дейінгі қашықтықтың сегізден бір бөлігі деген сөз.

Бұдан тыс Жердің астероидтар шеңберінде қозғалу барысында ұсақ аспан денелері бірінің атмосфераға құлау ықтималдығы жоғарылайды.