#
#
Бейсенбі 12/12/2019

NASA аппараты Юпитердің жаңа суретін жақыннан түсірді

  • 02.12.2019
  • 0
  • 379

Юпитер жүйесін зерттеумен айналысатын «Юнона» планетааралық стансасы жерге осы планетаның жаңа суретін жолдады, деп хабарлайды nasa.gov сайты.

Сурет 3 қараша күні апараттың планетаға жақын келгенінде кейін түсірілген, деп мәлім етті NASA.

Суретті түсірген уақытта «Юнона» Юпитер бұлттарының үстінде 104,6 мың шақырым қашықтықта болған.

Құрылғы Юпитердің оңтүстік жарты бөлігін түсірген. Суретте полюс маңындағы қуатты циклондар, сонымен қатар қызғылт сары жолақ пен полярлық аймақ арасында орналасқан бей-берекет жөңкілген бұлттар көрініп тұр.

Айта кетерлігі, «Юнона» Юпитердің орбитасына 2016 жылдың 4 шілдеде ұшып жетті. Ол планета орбитасында әлі бірнеше жыл тұрақтап, Жерге жаңа суреттерді жіберіп отырады. Жұмыс аяқталған соң зондтың көзі жойылады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар