#
#
Дүйсенбі 21/10/2019

Нәресте өлімі: Вице-министр бастаған дәрігерлер тобы Атырауға келді

  • 07.10.2019
  • 0
  • 315

Атырау облысына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева бастаған бір топ маман келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі уақытта реаниматолог дәрігерлер, неонатологтар, акушер-гинекологтар келді. Олардың арасында Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық ғылыми орталығының директоры Риза Боранбаева да бар. Барлығы – жеті маман. Олардан бөлек, республикалық орталықтардың мамандары, Нұр-Сұлтан қаласының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының акушер-гинекологы мен анестезиолог-реаниматологы келді», - дейді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева.

Оның айтуынша, 2019 жылдың басынан бері Атырауда қалалық перзентхананы екінші деңгейден үшінші деңгейге өткізу жұмысы жүріп жатыр. Осы мақсатта облыстық перинаталдық орталықтың анестезиолог-реаниматологы осында ауыстырылған, екі неонатолог, тәжірибелі мамандар қабылданған. Ақтөбе облысынан тағы екі неонатолог маман келеді.

М. Аймұрзиеваның сөзіне қарағанда, облыстық перинаталдық орталық та күшейтіледі. Кеткен дәрігерлердің орнына Атыраудан, еліміздің басқа өңірінен мамандар тартылады.

Еске сала кетсек, Атырау облыстық перинаталды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, дәрігерлер нәресте өлімі фактісін жабу үшін пара бермек болған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар