20 қар, 2017 сағат 09:38

Наполеон тәжіндегі алтын лавр жапырағы аукционда €625 мыңға сатылды

Наполеон Бонапарттың тәжіндегі элемент - алтын лавр жапырағы жексенбі күні Францияның Фонтенбло қаласында €625 мыңға сатылған.  

Бұл туралы AFP агенттігі Osenat аукцион үйіне сілтеме жасап хабарлайды.

6 грамдық алтын жапыраққа бастапқыда €100-150 мың ұсынған. Бірақ сауда әлемдегі коллекционерлердің үлкен қызығушылығын тудырған.

Наполеонның таққа отыру рәсімі 1804 жылы 2 желтоқсанда Париждегі Богоматери соборында өткен. Наполеонға тәж кигізу салтанаты және император титулын қабылдауы үшін зергер Мартин-Гийом Бьенне алтын лавр жапырақтарымен безендірілген арнайы тәж дайындаған. Ол үшін мемлекеттік қазынадан 36,3 мың франк бөлінген.