#
#
Сейсенбі 21/01/2020

Наполеон Бонапарттың етігі 117 мың еуроға сатылды

  • 04.12.2019
  • 0
  • 282

Француз императоры Наполеон Бонапарттың етігі Парижде өткен бәссаудада 117 мың еуроға сатылған. Бұл туралы Drouot бәссауда үйі мәлімдеді, деп жазады Massaget.kz. 

Етіктің бастапқы құны 50-80 мың еуро болған. Лот анықтамасында Наполеон бұл етікті Қасиетті Елена аралына соңғы рет жер аударылған уақытта кигені айтылған. Кейін етік императордың мүсінін жасаған шебер Карло Марочеттиге берілген. Ал мүсінші етікті сенатор Пол Ле Руге сыйлаған. Содан бері Наполеон етігі сенатордың отбасында сақталып келген.

Айта кетейік, Наполеон Бонапарт 1769 жылы 15 тамызда Корсика аралында ақсүйектер отбасында дүниеге келген. 1785 жылға дейін Бриен және Париж әскери мектептерінде оқыған. Франциядағы 1789 - 94 жылдары революция кезінде Тулон қаласын азат еткені үшін 24 жастағы Наполеон I капитандықтан бригадалық генерал дәрежесіне дейін көтерілді. 1796 жылы  Италияға жорық жасаған армияның бас қолбасшылығына тағайындалды. Осы және кейінгі Мысырға жасаған жорықтары кезінде өзін аса көрнекті қолбасшы ретінде көрсетті. 1799 жылы 9 қарашада (18 брюмерде) биліктегі дағдарысты пайдаланып, мемлекеттік төңкеріс жасады. Ол елде алғашында консулдық, одан кейін империя (1804 жылы 18 мамыр) түріндегі әскери диктатура орнатты. Якобишілдер мен роялшылдарға соққы берді. Өнеркәсіп пен сауданы дамытты. 1800 жылы француз банкін құрды. Мемлекеттің қуатын арттырудың басты тірегі өнеркәсіпті дамыту деп білді. Әскери өнер саласында Франция әскерінде қалыптасқан жаңалықтарды одан әрі жетілдірді. Тарихи жағдайға байланысты орасан зор әскери күшті тактикалық және стратегиялық жағынан тиімді пайдалана білді. Оның әскери қағидасы: "Сан жағынан әлсіздікті қимылдың жылдамдығымен толтыру" болды. 1804 жылға дейін республика атын жамылып келген диктаторлық өкіметті буржуазиялық мемлекетті нығайтуға пайдаланды. Директория кезінде сақталған басқару жүйесін жойды.

5 мамыр 1821 жылы Наполеон Бонапарт қайтыс болды. Оның өлімінің себебі әлі күнге дейін белгісіз. Наполеон қатерлі ісіктен немесе уланып өлуі мүмкін деген болжам бар.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар