#
#
Бейсенбі 24/10/2019

Мырзахметов әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

  • 23.09.2019
  • 0
  • 241

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Президенттің қатысуымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында әйелдердің зейнет жасын төмендету идеясы айтылғанын еске салды, деп хабарлайды Sputnik.

Мырзахметов тек зейнет жасын төмендетумен жүйенің проблемаларын шешу мүмкін емес екеніне сенімді. Оны толық реформалау керек.

"Президент вице-премьер Сапарбаевтың басшылығымен топ құруды тапсырды. Біз барлық төлемді бірыңғай әлеуметтік салыққа біріктіріп, оның ставкасын төмендетуді ұсынамыз. Себебі қазір жалақыға үлкен салмақ түсіп жатыр", - деді Мырзахметов.

Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының пікірінше, осы саланың барлық реформасы жан-жақты тексерілген болуы тиіс. Себебі қазір мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері аз емес.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар