11 ақп, 2019 сағат 10:48

Музейдің басты тренді – сандық жүйеге көшу

Адамзат технологиялық ақиқаттың  жаңа дәуіріне аяқ басты, бүгінгі таңда әлемде технология көз ілеспес шапшаңдықпен дамып жатыр, былайша айтқанда технологиялық революция кезеңі басталды. Қазақстанның алдында осы ұлы өзгерістердің трендінде болу міндеті тұр. Бұған қазіргі заманғы мемлекеттің ресурстық базасын дамыту ісіне сандық технологияларды енгізу маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейі өзінің қорындағы жәдігерлерді сандық жүйеге көшіруге кірісті, бұл өз кезегінде бұдан да кең масштабтағы мәселені шешуге алып келеді – Мемлекеттік каталог құрылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейінің сандық инфрақұрылымын жасақтау еліміздің музейлері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, сандық жүйеге көшкен Қазақстан музейлік коллекциялары мен музей жәдігерлеріне отандық және шетелдік тұттынушылардың қолжетімділігін арттыратын республика музейлерінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін жасау жолындағы алғашқы қадам болып табылады.

3 D моделін жасақтау мен Қазақстанның киелі орындары туралы мәліметтер базасын жасау қасиетті орындарды аннотациясымен бірге 3D форматында көрсете алатын «Қасиетті Қазақстан» картасын ұсынуға мүмкіндік береді, осы арқылы киелі орындарды брендингтеу мүмкіндігі артып, ішкі және сыртқы туристер легі көбейеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейінің тұрақты экспозицисының мультимедиалық нұсқасы оларды сандық аудиторияға кеңінен таратуға жол ашады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейінің сандық жүйедегі қатысушысын тарту арқылы өзінің экспозицияның насихатын ғана жүргізіп қоймайды, сонымен қатар еліміздің тарихи-мәдени мұрасына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Егер бұған дейін барлық жәдігерлер музейге келген келушілерге ғана қолжетімді болса, енді барлық экспонаттар моделі 3D-форматындағы сандық жүйеге көшуінің арқасында баршаның көзқуанышы бола алады, ғаламторды пайдаланушылар сандық жүйедегі дүниелерді тамашалаумен бірге, музейдің сайты арқылы залдарды келушілермен бірге аралап жүргендей әсер ала алады.

«Мемлекеттік каталог»  жүйесіне келетін болсақ, бұл еліміздің мәдени-спорт бас ведомствосына тиімді басқару есебін жүргізуге мүмкіндік береді, электронды пайдаланушылар – музей қорындағы 3D-моделіндегі кез келген экспонатқа көзді ашып-жұмғанша қол жеткізе алады.

«Виртуальды тур» жобасы «Қазақстанның киелі жерлері» тізіміне енген нысанға онлайн режимінде кедергісіз кіре алады. Мұның ең маңыздысы осы ұшқыр жобалардың қорытындысымен күнделікті түзетулер енгізіп, артынан қазақстандық музейлердің барлығына тарату жоспарланған.

Өткен жылдан бастап ҚР Ұлттық Музейінің базасында экспедициялық жұмыс тобы құрылып, мемориалдық кешен мен киелі орындарды сандық жүйеге көшіру жұмыстарын жаңғыртты.

Күні бүгінге республика киелі мекендерінің 13 нысаны мен музей қорындағы 200 жәдігер сандық жүйеге көшіріліп, артынан өңдеуден өткізіліп, олар бойынша 3D-виртуалды турлар жасақталды.

Қазіргі кезде сандық жүйеге көшірілген материалдарды оңтайландырып, соңғы үлгідегі жоғары технологиялы жабдықтармен жабдықталған «Қазақстанның халық Қазынасы» жаңа көрме залына орнату үшін алыс-беріс процесі жүргізілу үстінде.

Сандық технологияны енгізу қолда бар баға жетпес мәдени мұралардың сақталуын қамтамасыз етіп, келер ұрпаққа шашау шығармай жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар ғылыми жұмыстармен ізденушілерге сақтауда тұрған құндылықтар туралы ақпаратқа жедел қол жеткізуге көмектеседі, музей жәдігерлеріне қызығушы аудиторияға қалтқысыз қызмет жасайды, тіпті белгілі бір себептермен музейге аяқтай келе алмай жүргендердің өзін «қолынан жетектеп» әкеледі.

А.Қабаев,

Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейінің

медиа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету бөлімі жетекшісі.