#
#
Бейсенбі 17/10/2019

Музейдегі мұралар келешек ұрпаққа толық жетуі тиіс - министр

  • 20.09.2019
  • 0
  • 721

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындық барысын ұйымдастыру мақсатында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Министрліктің тарихи-мәдени мұра басқармасының қызметкері Ә.Күзербаев, «Қазқайтажаңғырту» мекемесінің қызметкері Қ.Тұяқбаев, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Нұрмұхановалар музейде алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстар барысымен танысты.

«Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова Абай музейіндегі асыл мұраларды келешек ұрпаққа толықтай жеткізу қажеттілігін баса назарға алып, цифрландыру жұмыстарын ауқымды жүргізу қажеттілігіне тоқталды. Сондай-ақ, ведомства басшысы музей экспозициясын жаңалау кезінде заманауи технологиялармен жабдықтау, экспозицияның жаңаша үлгіде жасалуы, музейдің іші мен сыртына ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілуі қажеттігін атап көрсетті», - делінген Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар