05 қаз, 2019 сағат 12:39

Мұрсалнәби Тұяқбаевпен сұхбат

Мырза Мұхаммед Қайдар Дулат бабамыздың жатқан жерін ең алғаш рет іздеп табу, есімін жадымызда жаңғыртып, ұлықтау жолында атқарылған іс-шаралардың басы қасында болған дипломат М.Тұяқбаевпен жүргізілген сұхбат.

Алғаш рет бұл есімді қайдан естідіңіз?

1993 жылы дипломатиялық салаға жұмысқа шақырылып, 1997 жылы Үндістанға ұзақ мерзімді іс-сапармен аттанар алдында газет бетінде ХД тұлғасы туралы Н.Келімбетовтен алынған сұхбат нәтижесінде жарияланған бір мақаланы оқып қатты әсер алғаным есіме түсті. Бабамыз жайында бір үзік сыр Үндістанда кезігіп қалар ма екен деген үміт оты көкірегімде жарық ете қалды. Алайда Елшілікке келген сәттен бұрын-соңды шетелде істеп көрмеген дипломатиялық жұмыстың қыр-сырын жұмыс бабында тездетіп үйрену күн тәртібінде тұрды да, Елшінің күнделікті алдымызға қойған мақсаттарын орындауға бар күш-жігерімізбен кірісіп, бастапқыда бос уақыт бола да қоймады. Әріптесім Қ.Домбайдың да бабамыздың есімінен хабары бар екен. Бір күні ол Қ.Д.ның «Тарихи Рашиди» кітабының ағылшынша нұсқасын тауып алып келіп, Елшіге көрсетті. Елші ол кітаптың көшірмесін СІМ-ге жолдауды маған тапсырды. Бір рет ҚД-ны жайында зерттеу жүргізу мақсатымен Кашмирге барып қайту туралы Елшіге ойымды айтып көргенімде бұл идея тарих пәнінің мықты маманы бола тұрса да Елші Р.Т.Ыбыраевтың тарапынан қаперге алумен тынып, басқалай нақты тапсырма берілмеді.

Қайдар Дулаттың ізіне түсіп, іздену неден басталды?

Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланған жыл болатын. Елші Р.Т.Ыбыраевты А.О.Шәкіров ауыстырған кездердің бастапқы күндерінің бірінде Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың (бүгінгі Президент) қолы қойылған хат келіп түсті. Ол хатта ҚР-дың Сауд Арабиясындағы Елшілігінде кеңесші болып қызмет істейтін Ә.Дербісәлінің Қ.Д. өмір жолын зерттеп, оның бейітінің жатқан жерін іздеуге өз қаражатымен Үндістанға аттанып бара жатуына байланысты оған қажетті көмек беру тапсырылыпты. Содан Елші А.Шәкіров Ә.Дербісәліні қарсы алуды, оған жан-жақты көмек беруімді тапсырды. Тапсырманы көре салысымен қуанышым қойныма симай, көптен бері іштей армандап жүрген ісімді қолға алудың сеңі қозғала басталғанының нышаны деп ұқтым. Ә.Дербісәлі туралы сырттай естуім болғанымен жақын таныс емес те едім. Оның дипломат болып жүріп, ғалыми ізденіспен Үндістанға арнайы сұранып, сапарға шығуы ол кісіге деген құрметімді күшейтті. 1998 жылы 2 желтоқсан күні Нью-Дели әуежайынан қарсы алған кезден бастап, ол кісі ақжарқын ақкөңілімен ескі танысындай әңгімелесіп, ілезде өзіне баурап алды. Қонақүйге келе жатып, жол бойы қандай мақсатпен келе жатқанынан хабар беріп, қызықты әңгімелерін айтып үлгерді. Ең бастысы оның әңгімесінен Қ.Д. бейітінің жатқан жеріне деген көп жылдар бойғы Қытай мен Пәкістанға жасаған сапарларының барысындағы оның ізденістері оң нәтиже бермей, бар үміті осы Үндістанның Кашмирінде жатқандығын ұқтым. Әңгімесін тыңдай отырып, сол заматта ғалымның бұл ізденіс сапарын қалай тиімді жолмен ұйымдастырып, максимум игі нәтиже шығарудың жолдарын іздеуге ойша кірісіп те кеттім. Өйткені әңгіме барысында «Кашмирге барып іздеуге кірісемін» деген жалпы ниеттен басқа нақтыланған қандай да бір жоспардың бары көрінбеді.

Ә.Дербісәлінің Кашмирге алғаш бару сапарын ұйымдастыруда не басшылыққа алынып, нелер ескерілді?

Шындығын айту керек, Кашмирдегі жағдайды дипломат ретінде тұрақты түрде зерттеп, жалпы ахуалды бір адамдай жақсы біліп қалған мен үшін ол жаққа сапар шегудің өзі өте қауіпті іске бас тігумен тең болатын. Басқаларды қайдам, сол кезеңде мен солай ойладым. Осыған орай ол кісінің ғылыми зерттеуге деген соншалық берілгендігін ұғып, сүйсінсем де жанжалы қаншама жылдар бойы үдемесе бір басылмай отырған Кашмир сияқты қауіп-қатері зор күрделі өңірге алдын-ала еш дайындықсыз барып қайтуға бел шешіп, жалғыздан жалғыз сапарға шығуы мені өте таң қалдырды. Дипломат ретінде ондай батыл қадамға бару  меніңше алдын-ала жан-жақты көптеген дайындықтар жүргізуден өтіп барып, қолға алынуы керек сияқты болып көрінетін. Бұл жерде ол бір «Барып қайтуға шешім қабылдадым» деп артынша жолға билет алудан басталмауы тиіс еді ғой деген ойларға беріліп, өзімше іштей түрлі тұжырымдар жасадым. Алайда кәсіпқой дипломат ретінде министрдің өзі «белгісіз қауіп-қатері мол өте жауапты сапарға» рұқсат беріп, «көмек беріңдер» деп бұйрық беріп отырса тәуекел етіп, жүзеге асыруға болатын шара болар деген ойға тоқтадым. Оның үстіне Елшінің  Кашмирдегі жалпы ахуалдың ушығу деңгейіне қарай «Ол жаққа бару қәзір қауіптірек, баруға қолайлы күндерді күте тұрыңыз, бару уақытын артқа  қалдыра тұруға мәжбүрміз» деуге құқылы, құзіреті де жетерлік еді. Алайда Елші ондай ештеңе айта қоймады. Бірақ, кездескен сәтте Ә.Дербісәлі өзіне Елшінің Кашмирге бірге баруға бір кісіні ертіп жіберетініне сенімді болып келген ойы барын менен жасырмағанын айта кеткім келеді. Соның өзінде осындай батыл қадамға еш дайындықсыз баруы Кашмирдегі қаншама жылдар бойы болып жатқан саяси күрделі жағдайдан жалпы хабары болса дағы, ондағы шынайы ахуалдан бейхабарлығынан болар деген тұжырымға келдім. Бірақ көңілін қалдырып алмайын деген сақтанудан ондай ойларымды сол кездері ол кісіге білдірмеуге тырыстым. Сондықтан да қалыптасқан жағдайдың күрделілігін түсініп, ол кісіге көмек берудің ең тиімді жолдарын іздей бастадым. Өйткені Кашмирге сапармен келген Батыс елдерінің кейбір тұлғалары ұшты-күйлі жоғалып, неше жылдар бойы не өлі, не тірісі табылмай отырғандығы жайында ақпараттарды Кашмирге қатысты шығатын арнайы журналдан оқып біліп отыратынмын. Оларды айта бастасам онсыз да көңілі күпті болып, қобалжумен және де өз қаражатына көз көрмеген, белгісіз елге жол шегуге тәуекел еткен Әбсаттар ағаны қорқытып, үркітіп жібере ме? Сринагарға бара қалған күнде қорқыныш пен үрей қате қадамдарға барып қойғыза ма екен? деген сұрақтар астында қалдым. Содан Кашмирдегі жалпы жағдайдың ауыр да, мүшкіл екенін ескертіп, сапарының қауіпсіздігі мен тиімділігі жағын ойластыратынымды жеткіздім. Ең алдымен онымен тіл қатыса алатын тарихшы ғалымды тауып беру қажеттігін ұғып, оның үстіне Әбсаттар аға араб тілін білетін ғалым болса деген тілек өтінішін ескеріп,  Нью-Делидегі Кашмир штатының өкілдігіне ертіп барып, жауапты тұлғамен кездестірдім. Жауапты тұлға бізді жылы қабылдады. Оған белгілі ғалым, арабист, дипломат Дербісәлі сапарының мақсаты мен мән-жайын таныстырып, араб тілін білетін кашмирлік ғалымды тауып беруді, сондай-ақ Кашмирге барған кейбір шетелдіктердің ұшты-күйлі жоғалып кеткендері сықылды ақпараттармен хабардар екенімді білдіріп, дипломатымыздың барар сапарының қауіпсіздігін қамтамасыз етулерін сұрадым. Ол кісі дереу маған Кашмир астанасы Сринагардағы университеттің Араб тілі кафедрасының басшысы Рафиқи мырзаның реквизиттерін беріп, көмектестіндерін айтты және қауіпсіздік мәселесін де қамтамасыз ететіндеріне уәде беріп, хам жемеуді сұрады. Рафиқиге де телефон соқсам сапарға қатысты жағдаймен хабардар екенін атап, мәнжайды білетінін танытты. Арнайы журнал арқылы кейбір шетелдіктердің Кашмирде жоғалып кетуі жайынан хабарым барын жеткізіп, лауазымды тұлғаны аманат етіп тапсыратынымды айттым, біреу-міреу ұрлап кету сықылды сұмдық оқиғалар орын алмайтындай баршасы ұйымдастырылатынына сенім артатынымды білдіре келіп, «Сақтанғаннан қорлық жоқ» деп ескерттім. Сол сәттен бастап Әбсаттар ағаның жолы ашыла берді десек те болады.

Қ.Д. бейітін іздеп табу процесі қалай басталды?

Бейітті іздеуді неден бастағандарын Әбсаттар ағаның да, Рафиқидің де тәптіштеп айтып беруге үнемі орын алатын қарбаластан сәті түспеді. Мен ғана емес, сондай-ақ Делидегі Кашмир өкілдігіндегі басшы да Әбсаттар аға Кашмирге барған мезеттен бастап оның жанынан бір елі қалмау жөніндегі тапсырманы профессор Рафихиге де жүктепті. Ол жайында Рафихи Кашмирге  өзім 1999 жылғы мамырда үлкен делегацияны бастап барған сапарым кезінде айтып берді. Рафиқи тауып берген Мазар-и Салатин қорымына ертеңіне таңата ертемен Әбсаттар аға ешкімге айтпастан өзі кетіп қалып, ол жатқан үйге Рафихи келгенде оның орнында жоқтығын көріп, қонақүйдегі ешкімнің оның қайда кеткенін білмейтінін естіген бойда оның үрейі ұшып, жүрегі су түбіне кетіпті. Біреулер ұрлап кетпесін деген менің сақтандырғаныма «Бәрі ойдағыдай болады» деп жауап беруін беріп алса да сапар осылай басталады деп ойламаса керек. Содан салып ұрып, Мазар Салатинге келсе Әбсаттар ағамыз ағылшын У.Моркрофтың қойған құлпытасындағы жазу бетін сулы шүберекпен тазалап жүргенінің үстінен түседі. Кейін Әбсаттар ағамен әңгімелесіп кесіне салсам, «Қәбірстанға базар жақын екенін байқаған соң, ертемен тұрып алып, Рафихиді мазаламайақ қояйын деп ойлап, базарға барып, жаузы бар құлпытас бетін тазартуға керекті керек-жарақтарды алдым да іске кірістім» деп жауап  берген еді.

Іске кірісерде қандай күтпеген қиындықтар кезікті? Оларды қалай шештіңіз?

Әбсаттар ағаның барлық үмітті Елшілік тарапынан көрсетер көмекке артып, тәуекелмен шыққаны белгілі болғанын басында айтып едім ғой. Оның үстіне ол кісі арабшадан басқа шет тілін білмейді екен. Сондай-ақ Үндістанда, соның ішінде Кашмирде бірде-бір кісіні жеке басы танымайтын Әбсаттар аға барлық араб мемлекеттерінің өкілдерімен жүздесіп, тілдесуде өзін еркін сезініп, тез арада тіл табысып кете алса да, үнділіктер мен кашмирліктердің мінез-құлықтарынан да, психологияларынан да бейхабар екенін сол кездескенімізде маған ашық айтып, Кашмирге барып, кездесулер мен келіссөздер жүргізерде олардың дипломатиясына жатпайтын ерсі қылықтар жасап қоям ба деген жүрексіну мен іштей қобалжудың барын да жасырмады. Сондықтан да Елшіден ағылшын тілін, сондай-ақ кашмирліктердің мінез-құлықтары мен дипломатиясынан хабары бар мені өзіне қосып беруді сұрайтынын жеткізді. Ол жаңалыққа қатты қуандым. Ғалыммен бірге Кашмирге саяхат шегіп, ғылыми экспедицияға бару идеясы мен үшін маңызы орасан зор тарихи сәт деп ойладым. Бұл ретте атай кеткенім жөн, Әбсаттар ағаның жұмыс сапарының сәтті де, нәтижелі болуына ең алдымен дипломат ретінде өзімнің жеке басымның жергілікті, соның ішінде Кашмирдің де ғалымдарымен, зерттеушілермен, сондай-ақ қоғам қайраткерлерімен жақын таныс болып, достық қарым-қатынастар құруым көп жәрдемін тигізді. Ең алдымен Дели университетіндегі жақын досым Тарих факультетінің профессоры Хусейн Қасемиге телефон шалып, мән-жайды түсіндірдім де экспедицияның нәтижелі болуына қатысы бар оның ойлары мен пікірлерін сұрадым. Ол Тарихи зерттеу үнді кеңесі (ТЗҮК) хатшылығының мүшесі Вендатасубраманианға хабарласып, сол жерде Орта ғасыр тарихына қатысы бар тарихшыларды жинайтынын, солармен кездесу ұйымдастырып, пікір алысуды және ақылдасуды ұсынды. Ә.Дербісәліге ұсынысты айтып, жұмыс сапарымен келгендегі басты мақсаты төңірегінде әңгімелеп беріп, үнді тарихшыларымен пікір алысуға шақырдым. Ол кісі дереу келісе кетті. Менің бақытыма досым Х.Қасими де, ТЗҮК те хат жазысуды талап етпей, бюрократиялық қадамдарға бармады. Әйтпесе, бюрократия деген қиын кедергі екендігін өзім кейін дипломатиялық еңбек еткен біраз елдерде, соның ішінде, әсіресе ағайын көрші елге барғанда көбірек байқағанымды осы орайда айта кеткенді жөн көріп отырмын. Үнділік бірнеше тарихшы ғалымның бас-қосуымен орын алған шағын ғылыми отырысымызда Ә.Дербісәлінің мақсатын менің аудармамда (Қазақ дипломаты ретінде кездесулерді тек қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізетінмін) жақсылап түсініп алған соң үнділік тарихшылар ислам дінін Үндістанда таратуда ирандықтар мен арабтарға қарағанда негізінен Орталық Азияның сопылар мен тарихи тұлғалар ең басты рөл ойнағандарын,  сондай тарихи тұлғалардың бірі Қ.Д. екенін,  алайда оның бейітін табу мүмкін еместігін, өйткені түркі халықтары өлген атақты тұлғаларының басына кереметтей мазар орнатып, оны іші-сыртын әшекейлейтін ирандықтардай емес неғұрлым тұлға ұлық болған сайын оның бейітін соғұрлым қарапайым етіп, көбіне үлкен бір тас қоюмен шектеліп келетіндерін, сондықтан да ҚД бейіті жатқан жерді іздеп табу өте қиынға соғатынын ескертті. Ол жаңалықтарды естіп, Ә.Дербісәлінің көңіл-күйі қатты түсіп кетті. Оның үстіне сапармен Кашмирге бірге баруға мені қосып беру жөніндегі көтерген мәселесі Елші тарапынан шешілмепті. Ол хабарды естіп менің де көңілім құлазыды. Сонда да болса Әбсаттар ағаның алған бетінен қайтпай, Кашмирге барып көзімен көріп қайтатынын айтып, қайсарлығын танытқан мінезі маған қатты ұнады. Десек те, белгілі үнді тарихшыларымен кездестіру ұйымдастыруым Әбсаттар ағаға көп мағұлымат жинап, пікір алысу тұрғысынан  қатты көмек болды. Жаңа әріптестер тапқанына көңілі көтерілді. Үнді тарихшы ғалымдармен бірге сыртқа шығып, ғимарат алдында, аулада тұра қалып суретке түстік. Сол арада мен үшін де, Әбсаттар аға үшін де Үндістанға қатысты танымдық дүние тұрғысынан есте қаларлық оқыс оқиға орын алғанын осы орайда айта кеткенді жөн көрдім. Әбсаттар аға өзінің фотоаппаратымен суретке түсіруді сұраған соң мен өзімнің фото аппаратым мен кинокамерамды жерге қоя салып, суретке түсіріп болысымен үнділіктермен қоштастық. Машинаға отырғанда өзімнің фото және кинокамераларымды ұмытып, түскі ас ішуге қаланың басқа бетіндегі ресторанға келдік. Машинадан шығарда Әбсаттар аға кинокамерасын қалдыра беруге болатынын сұрағанда барып, өзімнің ұмыт қалдырған кинокамерам мен фотоаппаратымды жерге қойып, қалдырып кеткенім есіме түсті де, дереу қайтып барып қайтуды ұсынып, көлікке отырдық. Ести салысымен Әбсаттар аға заттарды өзі ұмытқандай менен бетер қысылды. Жол бойы үнділіктер арасында ұрлық істеуге жақындық сипаты қандай екенін білгісі келген сұрақтар қойып, қайтып барғанда фото және кинокамералар табылар ма екен деген күдігін айтып, өзі талай сапар шегіп, жүрген жерлерінде әріптестеріне мұндай қиындықтар келтірмеуші екенін жеткізіп, қобалжумен болды. Мен Үндістанда ұрлық жасауаға қатысты ештеңе айта алмайтынымды, камералар мен фотоаппаратты алып кете қалған күнде соған көз жеткізіп қайтатынымызды, ұрланған күнде ол кісінің ешбір қатысы жоқтығын айтып қобалжымауын өтіндім. Келсек, сол бос аулада кинокамера сумкасымен бірге фотоаппарат сол күйінде тастаған жерде қақиып тұр екен. Екеуміз де қуанғанымыз сондай, ұрлық қарлыққа үнділіктердің оншалық үйір емес екендіктеріне көзіміз жеткендей сүйсініп, риза болып қалдық.

Үнділіктер, соның ішінде кашмирліктер бұл істің қолға алынуына қалай қарады, қаншалықты атсалысты?

Үндістан тарапы бұл істің қолға алынуына оң қабақ танытып, қолдарынан келерлік барлық мүмкіншіліктерін аямай, жәрдемдерін берді. Кімге барсам да ниетімізді мұхият тыңдап, дұрыс түсінуге тырысты. Әсіресе кашмирліктер ерекше қуанғанын көзім көрді.  Нью-Делиде қызмет ететін бір кашмирлік ұйымдастырушылық мақсаттағы кездесу кезінде Орталық Азия халықтарына деген өзінің сүйспеншілігі мен махаббатын жасыра алмай, тарихтан хабары барын білдіріп, Шыңғысхан шабуылының алдында Орталық Азиядан бір күнде Сринагарға 700 жүз әулие көшіп жеткенін атап көрсетті. Соның ішінде Хамадани әулиенің де болғанын атады.

Үндістанда Қ.Д. есімінің аталып, ол туралы халықтың жадын жаңғырту ісі қалай қабыл алынды?

Кашмирден Әбсаттар аға келісімен іс-сапарының нәтижесімен хабар етіп, бөлісті. Қ.Д. бейітін  Рафихи бірге ертіп апарған «Мазар и Салатин» атты қабірстаннан тауып, суретке түсіргенін жеткізді. Алайда қарапайым фотоаппаратының түсіру сапасыздығынан ол суреттерді шығарғанымызды ештеңе көре алмадық. Оған қатты өкініп қалған Әбсаттар аға мұндай маңызды экспедицияға өте сапалы фотоаппаратпен келу жөніндегі ұсынысымды жақсы қабылдап, Үндістанға келесі келгенінде нағыз журналистер қолданатын үлкен фотоаппаратын ала келді.

1999 жылы сәуір айының аяғында маған Үндістан Сыртқы істер министрлігінде Орталық Азия елдерін қадағалайтын дипломат, профессор А.К.Калра телефон шалып, «ҚД деген кім» деп сұрақ қойды. Мен телефонмен айтып жеткізудің қиын екендігін алға тосып, кездескенімізде ол туралы тәптіштеп айтып беруге дайын екенімді білдіріп, кездесуге уақыт бөлуін сұрадым. Ол дереу келіп кетуіме келісіп, кездесуге шақырды. Бір сағаттан астам уақытын бөліп, ол кездесуде менің айтқандарымды мұхият тыңдады да, жалпы не істеу керектігін сұрады. Мен осы орайды пайдаланып, Нью-Делиде халықаралық конференция, Кашмир астанасы Сринагарда халықаралық семинар ұйымдастыру қажеттігін айта бастап едім, үнділік әріптес «Қандай бастамалар мен іс-шаралар көтерсеңіздер де мен қуаттып, құптаймын. Тек, маған уақытылы хат-хабар түсірсеңіздер болды» деді. Қуанып кеттім. Сөйтсем 1999 жылы ҚДның 500 жылдық тойын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту шеңберінде «ҚД атындағы қор» бабамыздың зиратынан топырақ алып қайтуға және орта ғасырды зерттеуші үнді тарихшы мамандармен танысып, кездесуге қолдау көрсетуді сұраған хатын Қазақстандағы Үндістан Елшілігіне жолдайды. Әрине Елшілік ол хатты өздерінің Сыртқы істер министрлігіне жібереді. Әңгімеге арқау болған сол хаттағы мәселе екен. Көп күттірместен, артынша 1999 жылы мамыр айының басында дипломатиялық арнамен сол кездегі Қазақстан мен Үндістан арасындағы үкіметаралық комитеттің қосымша төрағасы Школьниктен хат келіп түсті. Онда мемлекеттік қайраткер, Қ.Дулат қорының президенті А.Асқаров 1999 жылы ҚДның 500 жылдық тойын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту шеңберінде делегацияның Үндістанға баруына ұйытқы болып, ол делегацияның құрамына ҚД атындағы Тараз университетінің ректоры У.Бішімбаев, Шығыстану институтының ғылыми зерттеу қызметкері Т.Бейсенбаев және Сауд Арабиясындағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі Ә.Дербісәлі (Сауд Арабиясындағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі), қоғам қайраткері М.Дайырбеков, ХД қорының директоры М.Қазыбек, Жамбыл облыстық Ақжол газетінің редакторының орынбасары Б.Әбділдаев, Тараз университетінің ұстазы А.Әбдуәли, «Тиграхауд» фирмасының директоры Ә.Жаужүрек кіргендігі аталып, делегация алдына қойылған екі мақсат, яғни: ҚД бабамыздың зиратынан топырақ алып қайтуға және орта ғасырды зерттеуші үнді тарихшы мамандармен кездестіру бойынша жан-жақты қолдау көрсетуді сұрапты. Содан Елші «Қалай ұйымдастырасың, өзің біл. Не істесең де, бәрін қолдаймын» деп хатты қолыма ұстатуы іздегенге табылған дегендей жігерімді жанып, бойымдағы күш-қуатым тасып, қанат бітірді. Әшейінде Үндістанға шақырып келтіре алмайтын ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен, дипломаттан, журналистерден тұратын делегация өз қаражаттарын тауып, жол шегіп, ата-бабамызды іздеп келе жатырған бұл сапардың мазмұндылығын мейлінше толықтырып, Үндістандағы резонансын барынша кеңінен насихаттап қалу керек деп түсіндім. Делегацияның келер мезгіліне қарасам 19-ақ күн қалған екен. Мамыр айында Үндістанда көпшілік мұғәлімдер сабақ беруден босап, көбіне үйлерінде жүреді. Ең алдымен Нью-Делидің және Сринагардың қай жерлерінде конференция мен семинарды өткізуді ойладым да, проф.Рафихидің Сринагар университетін ұсынғанын ұсынысын қабыл алып, Нью-Делидегі Халықаралық ғалымдар орталығы бойынша проф. Караңгпен және Үндістан Жазушылар академиясының (Сахития академиясы) басшы Сатчидананданмен келіссөз жүргіздім. Екеуі де құп алып, конференцияның болатын мерзімін анықтауды сұрады. Ойлана келіп, Үндістанда министрліктің дәрежесінен артық болмаса кем түспейтін Жазушылар академиясына тоқтауға бел шештім. Оның сол кездегі басшысы дүниежүзіне танымал ақын К.Сатчидананданмен жақын достық қарым қатынасымның көп көмегі тиді. Содан дереу делегацияның келу жоспарын құрып, оны Елшіге құптатып алып, Үндістанның Сыртқы істер министрлігіне нота жібердік. Одан басқа тиісті жауапты мекемелерге электрондық поштамен, факспен жолдадым. Жоспарға Дели университетінде және Джавахарлал Неру университетінде дөңгелек столдарды өткізу де, арасында Агра қаласындағы Тәж-Махалды апарып көрсету де енді. Школьниктің атына да делегацияның келуіне қатысты әзірленген жоспар бойынша көмек көрсетуге дайын екенімізді білдіріп, қазақ тілінде хат жолданды. Осы арада атай кеткен жөн, сол жолы Елші А.Шәкіров орыс тілді бола тұра Школьникке қазақ тілінде жазылған хатыма қарсы бір сөз де айтпай, қолын қойып берді. Мұның өзі менің белсенділігіме ерекше серпін беріп, Елшінің ісәрекетіне риза қылды. Уақыттың тар екенін ұғып, дереу қолымда бар реквизиттерді пайдаланып,  танитын үндістандық ғылымдармен қатар академиялық орта, мәдени орта, іскерлік орта, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдерін конференцияға шақырдым. Сөйтіп жүргенде делегация келетін күн де таянды. Келген қонақтарды Канишка қонақүйіне орналастырып, таң-ата ертемен сағат 6-да автобуске отырғызып алдым да, бес-алты сағат кететін Агра жолына түстік. Жолай Сикандра қалашығындағы Акбардың кесенесін тамашалап, Аградағы Тәж-Махал кесенесін көріп, қонақүйге түн жарым ортасында қайтып оралдық. Ертесіне делегацияны Дели университетінің вице канцлері А.Ахмад, оның орынбасары, профессор С.Ниламагам, Халықаралық қатынастар деканы проф. Ш.Аминнің қатысуымен орта ғасыр дәуірін зерттеуші ғалымдармен кездесу өтті. Онда ҚР тарихы, мәдениеті мен әдебиеті және ҚД өмір жайында сөз болды. Түстен кейін Жазушылар одағы ғимаратында ХД 500 жылдығына арналған халықаралық конференция өткізілді. Зал адамға толып кетті. Дипломатиялық корпус өкілдері де  қатысты. ТМД елдерінің арасында Өзбекстанның Елшісі И.Нематов және Беларустың Елшісі В.Соколовский конференцияға қатысып, аяғына дейін отырды. Кездесулер арасында делегацияға Делидегі «Редфортты», «Хумаюн кесенесін», Тұғылықабад қалашығын көрсеттім.

Сринагарға Нью-Делидегі Индира Ганди әуежайынан ұшып шығып, бір сағаттан астам уақытта ұшып жеттік. Делегацияны жоғары деңгейде күтіп алып, Сринагардың солтүстік шығысындағы Дал көлінің бетінде сандал ағашынан үй-қайық сипатында жасалынып, жиекке байланған қонақүйлерге орналастырды. Қоңыр салқын ауа-райымен және таулы жерде өскен қарағайларымен Сринагар Алматыны еске салатыны бірден байқалды. Сұлтандар зираты саналатын «Мазар Салатин» қорымына баруға келесі күні таңата жолға шықтық. Ол Гималай тауынан бастау алатын Желам өзенінің бұйралаңдап жатқан тұсында орналасқан екен. Сол заматта теледидардан, радиодан Пәкістан жағынан келген 3 мыңнан астам қарулы моджахедтердің Кашмир аумағына басып кіріп, үнді сарбаздарымен қарулы қақтығыс бастағандары жайында жарыса суыт хабарлар тарай бастады және әуежайдың жабылғаны жеткізілді. Делегация мүшелерін шошытып, үрейлендіріп алмайын деп, Кашмирде орын алған қауырт ахуалмен хабардар еттім. Ол қақтығыс Үндістанда кейін 3 айлық «Каргил соғысы» деген атпен тарихқа енді. Өзім болсам біздің сапарымызбен қабаттасып, басталған бұл дүрбелеңді қиын қабылдап, іштей мазасыздана бастадым. Өйткені онсыз да қарулы қақтығысы көп жер, Кашмир соғыс режиміне көшті деген сөз еді. Содан «Қайтсек қате жасап алмаймыз?», «Аман-есен Делиге жетсек екен.» деген ойлар бастан кетпеді. Делегация мүшелері ағылшын тілін білмегендіктен айналада болып жатқан көп нәрселерден хабарсыз күй кешіп, Сирнагарға жеткендеріне, жоғары деңгейде өздерін қарсы алып қонақжайлық танытқандарына қуанып мәз болып жүрді. Тіптен жанымызға қосып берген оққағарлары мен каскалары бар сарбаздарды бірге фотоға түсуге жиі шақыруды шығарды. Жаным мұрнымның ұшында жүрген мен үшін мұның бәрі қосымша қатер тудырушы сәттер болатын. Өйткені снайперлердің қолдарынан Кашмирдегі үнді әскери сарбаздары әр түрлі жағдайларды өлім құшатыны жөніндегі хабарларды БАҚ беттерінен оқып тұратынмын. Егер де снайпер ата қалса оқтың кімге тиетіні айтпаса да түсінікті ғой. Ақыры қатерлі оқыс жағдай «Мазар Салатин» қорымына келіп, ҚД бейітін көргенде орын алды. Қорымға кірер бір машина сыйарлық тар жол базардың ортасынан өтеді екен. Бізге бірнеше машинамен қатар бөлек бір машинада отыратын бас алты қарулы сарбазды қосып берген болатын. Барысымен 1551 жылы орнатылған құлыптас жақсы сақталынғанын көрдік. Ағылшын дәрігері У.Моркрофтың  (1770 - 1822) ұйымдастыруымен 1822 жылы қойылған екінші құлпытаста парсы тілінде он сегіз қатар жазу бар екен. Тараздағы Қ.Дулат ескерткіші түбінен алып келген топырақты ұлы ғалым зиратына салып, сол жерден топырақ алынды. Ағаларымыз қауіпсіздік шараның баршасын ұмытқандары сондай, эйфорияға мүлдем беріліп кетті десем артық айтпаған болар едім. Құран оқылып, фотоға түсіріліп жатқанда қобалжып, өңі бұзылып кеткен Кашмир Білім беру министрі маған жүгіріп келіп, қауіпсіздік орган адамдарының берген ақпарына сәйкес снайпер моджахедтердің  қорым маңына жинала бастағаны туралы хабар түскендігін, соған орай кенеттен төтенше қатерлі жағдай туындауы ықтимал екенін, делегация тездетіп осы арадан таудың басындағы бұдан да жоғары «Гулмарг» деген жерге кетпесе жағдай мүшкіл болатынын құлағыма сыбырлап ескертті. Оның алдында ғана ол осы жерге делегацияны алып келу үшін қорымның делегация жүреді-ау деген жерлерін үш рет миналардан тазарттырғандарын жеткізген еді. Онсыз да мазасызданып тұрып, дереу барлығына естіртіп, төтенше жағдайдың орын алып отырғанына байланысты бұл жерден тез жиналып кету керегін естіртіп, айтып болғанымша, Қазыбек ағамыз «Бұл жерге зорға дегенде жеттік. Өлсек өлеміз. Құлпытастағы жазуларды қолмен қағазға түсіріп алмай кетпейміз. Солай ғой Әбсаттар аға» деп дауыстап, маған қарамай ісін жалғастыра берді. Оны естіп, ойында түк жоқ Әбсаттар ағаның «ия» деп үн қатуы мені әбден састырды. Әбсаттар ағаның жанына жақындап, басқаларына естіртіп тұрып, ол кісінің дипломатиялық лауазымы менікінен жоғары болғанымен екінші хатшы болсам да Үндістан бойынша мына делегацияға жауапты мен екенімді, мынадай төтенше, қатерлі жағдай орнауына байланысты делегация мүшелерін қауіпті жерден алып кетіп, елге аман-есен жеткізу тікелей менің міндетім екенін, құлпытастағы жазуды фотоға түсіріп-ақ ала алатынымызды, керек болған жағдайда Елшіліктің күшімен басқа бейбіт күндері қағазға да түсіріп, салып жіберетінімізді, егер де маған жасы кіші  деп қарап, айтқаныма көнбейтін болса басқаша көндіріп, бірақ та елге аман барған соң екінші қайта шетелге шығартпауға күш салатынымды жеткіздім. Мұны естіген Әбсаттар аға енді ғана оянғандай «Нәби дұрыс айтады» деп маған қолдау көрсетіп еді, қалғандары да мойынсұнып, көлікке қарай бет алды. Сондай қысылып тұрған сәтте аманатты еске алып, құран оқыла басталуы да кашмиріктердің одан сайын қобалжуын күшейтіп жіберді. Ондай жағдайда сақтану үшін әрбір минутты емес, тіптен секундты  пайдаланудың өзі қымбат екені түсінікті де ғой. Содан көлікке отырып алып, Гулмаргке жеттік. Базар ортасындағы тар жолдан аман өтсек деп іштей тілеп отырдым. Өйткені алдыңғы көлікті тоқтатып тастаса болғаны колонна қоршауда қалатыны белгілі ғой. Гулмарг деген демалыс орны әсемдігімен көз тартып, қатты ұнады. Ол жерде біраз болып, жағдай тынышталынғанына орай қонақүйге келдік. Ертесіне Кшмир университетінде Халықаралық семинар өтті.

Кашмир провинциясының губернаторы Гириш Саксина мен Бас министр Фарух Абдолла қонақасы беріп, делегацияны қабылдады. Қонақасыға бізбен бірге Білім және ғылым, денсаулық сақтау,  ауылшаруашылық министрлері, сондай ақ Кашмир университетінің ректоры М.Забири және басқа да ғалымдар қатысты. ҚД қабірінің басына ескерткіш қою, Сринагарда оның атына көше беру мәселесі әңгіме болды. Құлыптасты екі ел бірлесіп қойсақ деген ұсыныс берілді.

Абдулла Форухтың әкесі жылы Кашмирге ауып келген қазақтарды жылы қарсы алып, Парламентте сөз сөйлеп, оларға көмек пен жәрдем бергізу туралы бастама көтергендігі аталып, делегация ол кісінің бейітінің басына соғып, құран бағыштады.  

Ертеңіне Кашмир университетінде ЮНЕСКОның Үндістандағы Елшілік ұйымдастырған халықаралық конференция өтті. Кашмирге өнер, мәдениет пен қатар бақ, баубақша жасау, ағаш егуді ашып келген. 1532-1551 жылы ҚР Кашмирді билегені аталынды. ҚР 1540 жылы Кашмирді бір оқ шығармай алған.

Автобус кешкі де Пир Панджит етегіндегі бір қалашыққа келіп тоқтады. Мейрамханада бір сағаттай аялдап, қайта жолға шықтық. Симла, Пандит елдімекендері жолай кездесті. Сапар 30 мамыр күні аяқталды. Пир-Панджал жоталарының арасында жазықтағы Джамму-Кашмир штатының астанасы Сирнагарда.

Қ.Д. есімін неліктен соңында «и» әрпінсіз жазасыз?

Бізге жеткен тарихи жәдігер Тарих и Рашиди шығармасының ағылшын тіліндегі нұсқасында оның есімі Қ.Дулати емес, Қ.Дулат деп аталынады. Сол күйінде пайдаланудың орнына оны біздің кейбір ғалымдарымыз мен зерттеушілеріміз парсының дәстүріне салып, соңына «и» әрпін қосып жазуды әдетке айналдырып алды. Бір қарағанда онда тұрған ештеңе жоқ қой деп ойлуға болар еді. Алайда бұл ұстанымымызбен біз бір тарихи тұлғадан екі тұлғаны қолдан жасап алғандай сезім қалдырады. Қаншама жылдардан кейін зерттеушілер бірі Дулати есімді, екіншісі Дулат есімді тұлғаларды іздеп, уақыттарын кетіруі әбден мүмкін ғой.

Қ.Д. тұлғасын өз уақытына сай қалай сипаттар едіңіз? Қ.Д. өмір жолы мен оның шығармаларынан қандай тәлім-тәрбие және бүгінгі сын асу тұрғысынан алып қарағанда қандай сабақ алуға болады?

ҚД «Тарих и Рашиди» атты еңбегі 4-5 ғасыр бойы көшіріліп, дүние жүзі елдеріне таралған. Алғаш 1895 жылы Лондонда Д.Росс аударып бастырған. ҚРда қордың ұйымдастыруымен парсы тілінен қазақ тіліне аударылды.

- Кез келген халықаралық хатты қазақ және ағылшын тілінде жолдайтынмын дегеніңіз риза қылды. Әлі күнге мемлекеттік тіл қолданысын орыс тілінің қолданыс деңгейіне дейін жеткізе алмай алмай отырған еліміз үшін бұл үлгі тұтарлық қадам деп есептеймін. Жалпы, қазір біздің Елшіліктерде мемлекеттік тілдің ахуалы қандай? Өзіңіз сияқты тіл жанашырлары көп пе, аз ба? Дипломатия саласында жүргеніңізде басшылық тарапынан мемлекеттік тіл қолданысын арттыруға жанашырлық пен белсенділік танытуда ерекше есіңізде қалған жайттар жайында не айта аласыз?

Елшіліктердегі мемлекеттік тілдің ахуалы жайында Сыртқы істер министрлігінен (СІМ) білген жөн болар. Тіл жанашырларына келер болсақ, олар  министрлікте де, Елшіліктерде де аз емес әрине. Бұл тұрғыда өз ерік-жігерлерімен, ерек ұстанымдарымен іс-жүзінде нақты қолдау көрсетіп, өнеге көрсеткен басшылардың жадымда қалған батыл әрекеттерін атап өткім келеді. Айталық бұрынғы Сыртқы істер министрі Михайл Исенәлиевтің жанына жақын жүріп, тәлім-тәрбиесін алудың өзі үлкен мектеп болатын. Ол кісі кездесулерде ғана емес, сондай-ақ министрліктің түрлі жиындар, іс-шараларында міндетті түрде қазақ тілінде сөйлейтін еді. Қ.Тоқаев министр болып тұрғанда дипломатия саласында қазақ тілінің қолданысы арттыру мен горизонтын кеңейту жолында өте көп істер атқарылды. Ол кісі қазақша жазылған хаттарға, соның ішінде ағылшынша немесе французша тілдерінен тікелей қазақ тіліне тәржімеленген хаттарды неліктен орысшасы жоқ деп қайтармайтын. Сол кезеңдері қазақ тілін қолдану аясын кеңейтіп, көлемін арттыру мөлшерін 2000 жылдары 17%-дан 60%-ға көтеру арқылы СІМ басқа минстрліктер арасында көшбасшысы болған еді. Министрлікте комиссия құрылып, дипломаттардың қазақ тілін меңгеруін жетілдіру деңгейін жылына екі реттен тексеріп отыру арқылы аттестациялар өткізу, елдің бетке ұстар білікті тұлғаларымен (Ш.Мұртаза, Ә.Мәмбетов, А.Сейдімбек және басқалар) әрбір жұма сайын қазақ тілінің дамуы төңірегіндегі кездесулер мен сұхбаттар ұйымдастыру, сондай-ақ қазақ тілінде аналитикалық ақпараттар жазу жарысын өткізу, Қазақстандағы шет мемлекеттер Елшіліктеріне орыс немесе ағылшын тілдерімен қатар қазақ тілінде ноталар жолдау сықылды көптеген жаңашылдықтар іске асырылды.

Бұл ретте кейбір басшылар хаттың орысша мәтінінің жоқтығын сылтауратып, хаттарды кері қайтаратын кездері болып тұратынын атай кеткен жөн. Және де оны көбіне жасайтындар арасында қазақ тілінде жазбаса да еркін сөйлей алатын қазақ басшылардың жиі кездесетіні күйіндіретіні рас. Сондай басшылардың бірі қазақша жазылған хатты сол кездегі Сыртқы істер министрінің орынбасары Жигаловтың алдына баруына бөгет жасап-ақ тырысқанын қайтейін, ертеңіне сол кездері Мысырда Елші болған Тайжаннан қазақша келген хатқа В.Жигалов қазақ тілінде жарты беттей бұрыштама жазып беруі бір жағынан күтпеген тосын сый болса, екінші жағынан кезіккен қиын жағдайдан оңай шығуға септігін тигізді. Сондай-ақ орыс тілді А.Шәкіров Үндістанда Елші болып отырғанда Қазақстан мен Үндістан үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы А.Школьниктің атына арнап, қазақ тілінде жазған хатыма мүдірместен қол қойып беріп, риза қылғаны есте жатталып қалыпты. Бұл жерде А.Школьникке арнап жазылған қазақша хатты қайтарып, орысша жазылуын талап еткен басшылардың болғанын атай кеткен жөн. Орыс тілді Н.Дәненов Парижде Елші болып істегенде хаттарды қазақша жазуыма жан-жақты қолдау көрсетіп, қолайлылық тудыруға тырысқан еді. Бір кездері ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болған А.Смирнов ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі алғашқы Қазақ-орыс дипломатиялық сөздігін шығару ұйымдастырушылық жұмысын қолға алғанымда оның ең өзекті мәселесі қаржыландыруды сөзге келместен шешіп бергенін де тіл жанашыра ретіндегі ізгілігі ретінде ұмыта алмаймын.

- Үкімет басындағы адамдардың, елшілердің, тіпті, кейбір ақын-жазушылардың балалары ана тілінен жырақтап қалып жатады. Оған бірі ортаны, бірі уақытты себеп қылады. Сіздің балалар бұл жағынан қалай?

Сылтау, себепті іздесек табыла береді емес пе? «Мақтанған жігітті үйінде сына» деген халқымыздың тәрбіиелік мәні бар ұлағатты сөзін қаперге алар болсақ, өз басым өзімнен бастап, отбасы мүшелерінің қазақ тілін қолданып, дамытуы жолындағы қазақ ретіндегі жауапкершілікті жақсы түсінемін. Сондықтан да ең алдымен отбасы, ошаққасында қазақ тіліне деген адалдығымды сақтауға ерекше қарау және іс-жүзінде бар күш жігерімді салу әдетке айналған. Айталық менің жарым Орынжан маған Мәскеуде алғаш кездескенінде қазақ тілінде сөйлемек тұғылы қазақша ұқпайтын де еді. Ол кезде ол Украинаның Винница қаласындағы Педагогикалық институтта орыс тілі филилогиясын оқитын. Сөйтсем бала кезінен орыс мектебінде оқып, үнемі орыс пен неміс достарымен қарым-қатынаста болғандықтан қазақ тілін мүлдем білмейтін болып шықты. Содан қолымнан келер бар әдіс-айлаларды салып, қазақ тілін үйретуге кірістім. Бұл тұрғыда Мәскеудегі П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінде (ХДУ) студент болып жүріп, оқуға келіп, өзіммен араласқан көптеген қазақша білмейтін қазақ жастарын бірде-бір кітап бетін ашпай-ақ қазақ тілінде сөйлетуге ықпал етіп, жинаған игі тәжірибем де бартын. Одан басқа Мәскеуден Алматыға көшкенімізде пәтер болмағандықтан жұбайымды тұңғышыммен бірге уақытша  Қызылорда облысының Жаңаталап совхозындағы ата-анама қалдыра тұрғанымның көп пайдасы тиді. Ауылдағы мектепте орыс тілін маманы тапшы болғандықтан Орынжанды сабақ беруге шақырған екен. Бір жылда ол ауыл балаларына орыс тілін жақсылып үйретіп қана қоймай, сонымен қатар қазақ тілін де терең меңгеріп шықты. Қазақ политехникалық институтында (ҚазПТИ) екі жыл математикадан дәріс оқып, 1985 жылы ХДУ аспирантураға аттандым. Алдымен бір жыл тағылымдамадан өтіп, артынан үш жыл бойы аспирантурада болдым. Мәскеуде үлкен қызым Салтанат пен ұлым Мәди балабақшаға барғанымен үйде олармен қазақша сөйлесуге бар күш-жігерімізді салдық. Оның үстіне анам хат жазған сайын қазақша ұмыт қалмасын деп ескертіп отыратын болды. Содан олар қос тілді бірдей меңгеріп өсті. Алматыға келгенімізде қызымды қазақ мектебіне, ұлымды қазақша балабақшаға бердім. Ол кездері Алматыда балабақшамен, соның ішінде әсіресе қазақ тіліндегі балабақшамен жағдай өте қиын екен. ҚазПТИ-дің Кәсподақ ұйымының бастығына өтінішпен шықсам оларда қазақ тілінде балабақша жоқ екенін, тек орыс тіліндегі балабақшаға орын тауып бере алатынан айтты. Мен «Мәскеуден отаныма оралып тұрып, балаларымды  қалайша орыс тіліндегі балабақшаға беремін? Қазақшасын тауып бер.» деген талап қойдым. Оған ол қазақша балабақшаны ашуға болашақта кірісетіндерін, өзім тапқан қазақша балабақшаға ҚазПТИ атынан өтініш хатпен шығатындарын уәде етті. Содан іздеп жүріп, Жазушылар одағының «Ақбота» балабақшасына ұлымды орналастырдым. Мәскеуде батыл, сайрап тұрған қызым Салтанат ауылда үш ай тұрып келіп, Алматыдағы қазақ мектебіне бара бастасымен, көп сұрақтар қойып, ойландырып тастап жүрді. Айталық, бір күні «Қоңырау шалына салысымен барлық бала неліктен орысша сөйлеп кетеді?» деп сұрады. Оған мен «Олардың саған қатысты айтқандарына қазақша жауап бере бер. Өзің бірдеңе айтатын болсаң тек қазақша сөйле.» деген ақыл бердім. Тағы бірде «Математика кітабындағы есептерде неліктен тек орыс ұл, қыздарының есімдері берілген де, қазақша аттар мүдем жоқ?» деп сұрады. Кітапты ашып қарасам расымен де солай екен. Ересек авторлар мен мұғалімдер көңіл бөлмеген мәселені бірінші сыныптың баласы аңғарғанына таң қалдым. Авторлар қателесіп, ұмыт қалдырған ғой, кейін жөнделеді» деп жауап қатуға тура келді. Үндістанға дипломатиялық қызметке жібергенде амалсыздан Ресей Елшілігінің мектебіне беруге мәжбүр болдық. Өйткені біздің Елшіліктерде мектептер болмайтын. Алайда қазақ мектебінен келген ұл мен қызым сабақты беске оқып, оқу озаты атанды. Яғни, ұл құрмет тақтасына ілінсе, қызым мектепті Алтын медалмен аяқтады. Алматыда дүниеге келген кіші қызым Мөлдер да 5-ші сыныпқа шейін қазақша оқи келіп, орыс мектебіне ауысты. Кейін оқуын Мәскеудегі мектепте жалғастырды. Сөйтіп балаларым ағылшын, орыс және француз тілдерінде бірнеше жоғары оқу орындарын тәмамдап, дипломдар алды, яғни 4 тілді (қазақ, орыс, ағылшын және француз) жетік біледі. Үйлі-баранды болысымен олар мен салған дәстүрді жалғастырып, балаларына орыс, ағылшын тілдерімен қатар қазақ тілін үйренуге басымдық беруде.

- Талай уақытыңыз шетелдерде өтті. Өзімізге ол елдерден нені үлгі тұтасыз, неден сақтандырасыз?

Дипломатиялық қызмет еткен елдерден бізге үлгі тұтарлық дүние көптеп саналады. Атап айтсақ ең алдымен олардың мемлекеттік тілдерін  өз елдерінде сақтап, дамытып және жетілдіріп қана емес, сондай-ақ елдерінен тыс шет мемлекеттердегі қолданыс аясын арттыруға күш жігерлерін салып,  орасан зор көңіл бөліп отырғандары көңіл аудараралық нәрсе дер едім. Ол үшін мықты тетік болып табылатын мәдени дипломатияларын жүзеге асырудың рөлі мен маңызы өте жоғары. Бұл тұрғыда әсіресе Францияның оң нәтижелерінен үлгі алу мол пайдасын берері анық. Бүгінгі ғаламданудың замануи әлемінде мәдениет халықаралық саясат пен «Жұмсақ күштің» маңызды ажырамас құрамына айналып отырғанын білеміз. Яғни, мәдениет әлемде «Жұмсақ күш» атты ұғым пайда болысымен дипломатияның маңызды ресурсына айнала бастады. Бұл ретте мәдени дипломатия деп мемлекеттің өзіндік саяси, дипломатиялық мақсаттарына қол жеткізу жолында қолындағы бар немесе арнайы орнатылған мәдени, қоғамдық және ғылыми байланыстарды пайдалануын атаймыз. Ол өзі жоғары (әдебиет, өнер, білім беру) және бұқаралық (телевидение, кино, поп музыка, ойын сауық индустриясы) мәдениетті қамтиды. Яғни, мәдени дипломатия елдер мен халықтар арасында өзара түсіністікті жақсартып, әлеуметтік мәдени ынтымақтастықты кеңейтіп қана қоймай, мемлекет мүдделерін алға бастыруға батыл қолданылатын болды. Бүгінгі таңдағы мәдени дипломатия бастамалары шеңберінде өнерден театр, кинематография, музыка, би, мүсін, көркемсурет, көрме, ЭКСПО халықаралық көрмесі, білім беру бағдарламаларынан академиялық және ғылыми алмасу бағдарламалары, шетелдердегі тіл үйрену бағдарламалары, әдебиеттен шетелде кітапхана ашу, ұлттық шығармаларды шет тілдеріне аудару, шетелде мәдени бағдарламаны және жаңалықтарды трансляциялау, діни дипломатия, соның ішінде дінаралық диалог қарастырылуда. Сонымен қатар қарапайым адамдар арасында мәдени және академиялық алмасулар, гранттар мен стипендиялар бөлу, тренингтер мен конференцияларға шақыру, сондай-ақ ақпарат тарату арналарына қол жетімділік жасау көмегімен ұзақмерзімді өзара қарым-қатынас құру мәдени дипломатия негізгі бағыттарының негізін құрауда. Сөйтіп мәдени байланыстар мемлекеттің қауымдық дипломатиясының тиімді тетігіне айналып, елдің жағымды имиджін қалыптастыруға үлкен үлес қоса алатын күшке айналуда. Мәдениет арқылы әрбір ұлт өзінің құндылықтары мен идеяларын таныстырып, болмысын әлемге танытуды жолға қоюға тырысуда. Атап айтсақ Ұлыбритания мәдени дипломатиясы арқылы өздерінің елі туралы шетелдіктердің көбірек ақпарат алуларын арттыруға, өз елі мен құндылықтары туралы оң пиғыл қалыптастыруға, еліне туризм мен оқу үшін адамдарды тартуға, шетелде өз тауарларын өткізуді алға бастыруға, саяси одақтастар мен шетелдік инвестицияны тартуға ұмтылуда.

Мәдени дипломатияға ықпал ететін факторларға сыртқы саясат басымдықтары, оң имиджіні қалыптастыруға ұмтылыс, ел тарихы, мәдениет саясатының ресурстары мен қаржыландыру, әлемде елдің мемлекеттік тілінің таралуы мен танымалдығы, сондай-ақ елдің коммерциялық мүддесі  жататыны белгілі. Бұл тұрғыда халықаралық мәдени алмасулар аясында өз қызметінің негізгі тетіктері ретінде білім беру, ғылыми, мәдени жобаларды пайдалана отырып, өз мемлекетінің саяси бағдарын жүзеге асыратын, шетелде елінің оң келбетін қалыптастыратын, мәдени байланыстармен айналысатын, шетелде өз елін, тілін және мәдениетін таныстырып, оларды насихаттайтын ұйым көп жағдайда шетелдік «Мәдениет орталығы» деп аталатыны мәлім. Яғни, «Мәдениет орталығы» ұзақ мерзімдік перспективада сыртқы мәдениет саясатын ең тиімді жолмен жүзеге асыратын айрықша құрылым ретінде мәдени алмасудың нақты мақсаттарына ең тиімді жолмен жеткізеді деп есептелінуде. Айталық көптеген мемлекеттер бүгінде шет мемлекеттерде ашқан «Мәдени орталықтарына» сол елдердегі қоғамдық пікірге ықпал ету доминанталық объект ретінде қарастыруда. Мұндай ұйымдардың артықшылығы сонда, олар өз елінің сыртқы саясатынан шыға отырып, көбіне таңдаулы аудитория түзу арқылы мәдениет саясатының мақсаттарын есепке ала отырып, өз бетінше өзінің қызметін ретке келтіре алады.

Дүниежүзінде кең ауқымды өкілдіктері бар ең ірі «Мәдениет орталықтар» ретінде «Француз альянсын» (1883 жылдан бері), «Британ кеңесін» (1934 жылдан бері), «Гете-институтын» (1951 жылдан бері) атауға болады. Испанияны әлемнің көп елдерінде құрылған «Сервантес институты» танытады. Соңғы оншақты жылдар ішінде РФ-ның «Россотрудничество» және Қытайдың «Конфуций институты» қарыштап дамып, белсенділіктерін қарқынды арттыруда. Аталған ұйымдардың мәртебелері біртекті емес. Бірақ көбіне олар өз елдеріндегі СІМ-нің құрылымына кіреді немесе оған бағынады. Олардың қатарына мысалға «Француз институты», «Британ кеңесі», «Гете-институты» жатады. Қоғамдық коммерциялық емес ұйым «Француз альянсы» болса Францияның СІМ-і мен ынтымақтастықта әрекет еткенімен оған бағынбайды. Әдетте көп Мәдени орталықтар мәртебелері бойынша үкіметтік емес ұйымдар бола тұра мемлекет тарапынан елеулі қаржылық қолдау тауып отырады. Өйткені олар шетелдерде елінің өкілі бола тұрып, ара-ағайындық әрекетімен ең алдымен мемлекеттік мүдденің сақталуын қамтамасыз етеді. Яғни, олардың мақсаттары өз елінің сыртқы мәдени саясатының міндеттеріне сай келеді. Сол мақсаттарға қол жеткізу үшін тетік ретінде білім, ғылым, мәдениет, өнер белсенді пайдаланылуда. Мәдени байланыстар сыртқы саяси қызмет тетігінің ең бір күшті де, ең икемді құралдарының бірі ретінде Қазақстанның әлемдегі жағымды да, объективті келбетін қалыптастыру жолында жұмыс жасауы қажет деп ойлаймын. Бұл тұрғыда Дінмұханбет Құдайбергенов сықылды тума таланттарды барынша тиімді пайдаланудың орасан зор мүмкіндігін жіберіп алмау қажет деп білемін. Мәдени дипломатияның өміршеңдігін бүгін ғана байқап отырғанымыз жоқ. Сонау ерте заманда да өзінің игілік іздерін қалдырып отырғанының куәсін Индонезия тарихынан таба аламыз. 1374 жылы Самарқандтан Индонезияға келіп, Демак қаласында алғашқы мешітті салған Ибрагим Мәлік пен оның замандастары қалған сегіз әулиелердің біліктіліктері мен кәсіпқойлықтарының арқасында ислам діні жайылған. Олар ислам діні саласындағы ілімдерімен қатар жергіліктілермен ауыл шаруашылығы, медицина және кәсіпкерлік салаларындағы білімдерімен бөліскен. Бүгінде 17500 аралдан тұратын архипелагтағы 260 миллион тұрғынның  94%-ы мұсылман саналады.

Неден сақтандыру керектігіне келер болсақ, өзінің ана тілінде сапалы білім алуды қамтамасыз ете отырып, жарысқа қабілетті бола білу және ғаламдану заманы аясында болып жатқан әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық өзгерістердің ауанын алдын-ала байқап, сын-асуларына төтеп бере алуға жол сілтеумен қатар, оларды еңсерудің жолын дөп басып айқындай алатын жарысқа қабілетті «ойлау орталықтарын» көбейтуді жолға қоюды кешіктіріп алмау қажет деп ұғамын. Онсыз даму мүлдем қиын болады. Дамуда жолы болған жетекші елдердің жағдайына көз жүгіртсек олар «ойлау орталықтарын» дүниеге әкелуде ерте қамданғандарын байқаймыз. Айталық ХХ ғасырдың басында Ұлыбританияның әлемдік саясаттағы жетекшілікке ие болуы үшін Лондонда 1884 жылы «ойлау орталығы» болып құрылған Фабиан қоғамның рөлі зор болғанына күмән жоқ. Ол сол кезеңдегі «ойлау орталықтарының» жұмыс істеу қағидаларын анықтап берген еді. Ұлыбританийяны қуып жетуге асыққан АҚШ халықаралық бейбітшілік жолындағы Карнеги қоры деп аталатын (Carnegie Endowment for International Peace) «ой орталығын» 1910 жылы құрды.

 «Ойлау орталықтары» мен биліктің тек синергиясы ғана сол елдегі оған деген сұраныстың ең жарқын критериін айқындап, олардың көптеген мемлекеттердегі қоғамдық саяси, экономикалық және басқа процесстерге тигізген ықпалы бұрыннан бар төрт жүйеден (атқару, заң шығарушы, сот билігі және БАҚ) тәуелсіз ерекше «бесінші» билік жүйесінің бөлініп шығуына алып келді. Және де мемлекеттің дамуы «ой орталықтарының» көптігіне тікелей пропорционалды болып отыр. Мұны 260 миллиондай тұрғыны бар Индонезия мен 30 миллиондай ғана халқы бар оның көршісі Малайзияны салыстыру арқылы да көруге болады. Аналитикалық орталықтар санының күрт шапшаң өсуі негізінен бұрынғы КСРО мен АҚШ, екі әлемдік шектен тыс державалардың ғаламдық қарама қарсы тұруы кезінде белең алған болатын. Айталық КСРО ыдырар алдында құрылған 1 мыңға тарта аналитикалық орталықтардың ¾ -і  американдық болса, ¼-  кеңестікі болып келген. Яғни, екі лагер жарысының немен аяқталуына «ойлау орталықтарының» қосқан үлесі аз емес деп есепетейміз. Бұл ретте атай кеткен жөн, АҚШ-тыкі негізінен саяси партиялармен, бизнеспен, байланысқан мемлекеттік емес ұйымдар бола келіп, аздаған бөлігі ғана ресми мемлекеттік қаржыландыру алып тұрды және мемлекеттік агенттік болды. КСРО-дағылар Ғылыми зерттеу институттар мен түрлі ЖОО-лар жанындағы мекемелерге жиыстырылды.

Ресейдің аналитикалық орталықтарын көбейтуде белгілі бір жетістіткерінің бар екендігін жоққа шығару қиын. Алайда осыдан үш жыл бұрын Пенсильван университетінің жүргізген жыл сайынғы зерттеулерінің нәтижесінде әлеуметтік бағдарламалар мен жүйелерді зерттеу бағдарлары шеңберінде 1835 америкалық, 1150 батыс еуропалық «ойлау орталықтарының» жанында тек 122 ресейлік «ойлау орталықтарының» бар екендігі жария етілді. Сондай ақ зерттеулер америкалық және батыс еуропалық орталықтардың дәстүрлі түрде социологияда, экономикада, саясат тану мен жаппай психологияда мықты екендіктерін, ресейлік аналитиктер мектептері әскери істе, стратегиялық жоспарлау мен барлауда мықтылығын көрсеткен. Сөйте тұра, әлемдік «ойлау орталықтары» мәселесіндегі өткен онжылдықтың негізгі «жаңалығына» Қытайдың шапшаң аяқ алысын жатқызуға болар еді. АҚШ, Батыс Еуропа және тіптен Ресейге қарағанда өте әлсіз ұстаныммен старт алған Қытай өткен онжылдықта өзінің интеллектуалдық және аналитикалық әлеуетін бірнеше мәрте өсіре алды. 2008 жылы 74 қана «ойлау орталығымен» Аргентинадан (122), Үндістаннан (121) және Оңтүстік Африка Республикасынан (87) қалып қойған Қытайда арада 8 жыл өтісімен 435 толыққанды және әлемге танымал «милы танктер» пайда болған. Яғни, «ойлау орталықтардың» іс жүзінде 6 есе өскені байқалады. Оның үстіне Пенсильван университетінің бағалауы бойынша олардың үшеуі әлемнің ең үздік топ-50 аналитикалық орталықтар қатарына енген. Салыстырар болсақ Ресейден тек Карнеги қорының мәскеулік өкілдігі ғана енген екен. Оның өзін формалды ресейлік деп атағанмен ресейлік мүддені қорғайды деп айтудың өзі күрделі мәселе. Ресейлік билікке «аналитикалық жазбалар» дайындайтын шетелдіктерден тұратын ол мекемеде 2008 жылға дейін ресейлік директор да болмаған. Қалған ресейлік аналитикалық орталықтар тіпті рейтінгтің алғашқы жүздігіне де кіре алмапты. Әлемдік 100 ең күшті аналитикалық орталықтар арасында АҚШ-тың 16, Ұлыбританияның 12, Алманияның 9 және ҚНР-дың 6 «ойлау орталықтары» бар болып шықты.

Енді батыстықтар Қытайды ңинтеллектуалдық шепбұзушылығына қарап отырып, «қытай қатері» жайында әңгіме қозғай бастауда. АҚШ пен Еуропаның негізгі қорқынышы Қытайдың Батыстан нақты ғылыми-техникалық, саяси және мәдени бөлектеніп, өз бетінше болуын қоса алғанда батыс ғаламдық жобасы бойынша түпкілікті жеңіліске ұшыраудың мүмкін боларлық нұсқасында болып отыр. Бұл әлемдегі ағымдық геоэкономикалық және геосаяси ара-салмақтың радикалды өзгерісіне әкелуі әбден ықтимал. Осы тектес «ойлау орталықтарының» ғаламдық тайталасуынан туындайтын батыс пен қытай интеллектуалдық ойларының ғаламдық деңгейде қарама-қарсы тұруын қазақ билігі мен сарапшылық қауымы қайталанбас шанс ретінде өз пайдасына шешуге тырысуы тиіс.

Сөз жоқ, XXI ғасырдағы «идеялар талас-тартысы» XIX немесе ХХ ғасырдағыларға қарағанда одан сайын шиеленісте өтіп жатырғанын көріп отырмыз. Өйткені жаңа ақпараттық кеңістік үшінші әлем елдерін мүлдем жаңа деңгейге алып шықты. Олар білім мен технологияларға қол жетімділікке қол жеткізудің баршасына бірдей жағдайына ие бола бастауда. Оны олардың демографиялық және ресурстық әлеуеттеріне көбейтер болсақ, мұның бәрі әлемде жуық арада танымастай орасан өзгерістерге әкелетіні өтірік емес. Яғни, Үндістан, Оңтүстік Шығыс Азия, тіптен Латын Америка мен Африка елдері «ойлау орталығын» құрудағы қытай жетістігін қайталауы әбден мүмкін. Демек, әлемдік масштабтағы батыс ғаламдық жобалардың гегемониясына шын мәнісінде крест қойылып та қалуының ауылы алыс емес. Демек, біз де ұлы көштен қалыспай, өзіміздің интеллектуалдық әлеуетімізді сақтау және оны еселеп арттыру міндетін әлемнің барлық елдері үшін интеллект пен бірдей мүмкіндіктердің үлестірілген жаңа әлемге сай алға бастыруға тиіспіз.