16 ақп, 2018 сағат 12:53

Мұратхан Тоқмәди сотта банкир Ержан Тәтiшевтi өлтiргенiн мойындады

Танымал бизнесмен Мұратхан Тоқмәди 2004 жылы банкир Ержан Тәтiшевтi өлтiргенiн мойындады. Бүгiн Жамбыл облысы бойынша қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотта Тоқмәди iсi қарала бастады. Ол сот алдында жауап берiп, қылмысын мойындады. Жасаған iсiне өкiнетiнен де айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Iстi судья Азамат Тiлепов қарап жатыр. Бизнесмен 1997 жылғы редакциядағы ҚК 96-баптың 2-тармағының "ж", "з" пунктерi (алдын ала келiсiп, топпен қасақана адам өлтiру) бойынша айыпталып отыр.

«Иә, мен кiнәмдi мойындаймын. Жасаған iсiме өкiнемiн», - дедi Тоқмәди.

Мұратхан Тоқмәди өз әрекеттерiне оның отбасына Мұхтар Әбләзов тарапынан жасалған қоқан-лоққы мен ақшалай сыйақы ықпал еткенiн айтты. Сондай-ақ, жақындары үшiн қорыққанын жеткiздi.

«Ол (Әбләзов-авт.) қоқан-лоққы көрсеттi. Отбасым бұл қысымнан қорықты» - дедi Тоқмәди.

Бизнесмен Мұхтар Әбләзовтен Ержан Тәтiшевтi өлтiру үшiн 2 траншпен 4 млн доллар көлемiнде сыйақы алғанын да жасырмады. Бұл қаржы 2004 және 2005 жылдары аударылған.

Еске сала кетсек, 2017 жылғы 12 маусымда Алматыдағы арнайы операция барысында «ҚазСтройСтекло» ЖШС бас директорының кеңесшiсi Мұратхан Тоқмәди ұсталды. Бизнесмен «Iрi көлемдегi мүлiкке ие болу мақсатында бопсалау» бабы бойынша қылмыс жасады деген күдiкпен құрықталды. Кәсiпкер 2005 жылы «Семурюжком» және «Казстройстекло» ЖШС тең құрылтайшысына қоқан-лоққы көрсетiп, ақша бопсалап, кәсiпкерлердiң жарғылық қорының үлестерiн иемденген. Ол осындай әрекеттерiмен 185 миллион теңге көлемiнде шығын келтiруi мүмкiн едi. Осылайша, сот Мұратхан Тоқмәдидi үш жылға бас бостандығынан айырды.

Бұдан кейiн 2017 жылғы қазанда КТК телеарнасында деректi фильм көрсетiлiп, онда Тоқмәди «Банк Тұран Әлем» АҚ-тың бұрынғы төрағасы Ержан Тәтiшевтi өлтiргенiн мойындады. Ол Тәтiшевтi өлтiруге Мұхтар Әбләзов тапсырыс бергенiн айтты. Осылайша, Әбләзов Ержан Тәтiшевтiң өлiмiнен кейiн БТА банкiн басқарған. Бұған дейiн тергеу барысында Мұратхан Тоқмәди Тәтiшевтiң басына абайсызда оқ атты деген қорытындыға келген болатын. Кейiннен дәлелдердiң арқасында Тәтiшев абайсызда оқ атқаннан емес, қасақана оқ атқаннан қайтыс болғаны анықталды. Осылайша, Жамбыл облыстық сотына Тоқмәдиге қатысты үкiмдi жоққа шығаруға негiздiң бар екенi жайлы қорытынды жолданып, жаңа деректердiң пайда болуына байланысты қылмыстық iс қайта қарала бастады.