05 қыр, 2019 сағат 04:19

Мұнайдың әлемдік бағасы едәуір көтерілді

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Лондондағы ICE Futures биржасында қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 2,16  долларға қымбаттап, баррелі 60,43 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қазан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 2,32 долларға көтеріліп, бір баррелі 56,26 доллар болды.