18 нау, 2020 сағат 17:39

Мұнайдың әлемдік бағасы 17 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткішке түсті

Сәрсенбі күні мұнай бағасы төмендеді, WTI америкалық мұнай маркасының фьючерстері 17 жылдағы ең төменгі көрсеткішке дейін түсті. Коронавирус салдарынан енгізілген қатаң оқшаулану мен сапарлауға шектеу қоюға байланысты отынға деген сұраныс нашарлады. Бұл туралы Reuters хабарлады.

WTI маркалы мұнай бағасы 84 центке немесе 3,12%-ға, яғни баррелі 26,11 долларға дейін төмендеді. Бұған дейін 2003 жылдың мамырынан бері алғаш рет баррелі 25,83 долларға түскен болатын. 

Brent маркалы мұнай бағасы 37 центке немесе 1,29%-ға, баррелі 28,36 долларға арзандады. Бұған дейін бұл көрсеткіш 2016 жылдың басынан бері ең төменгі деңгейге – 28,05 долларға түскен еді. 

Goldman Sachs сарапшылары екінші тоқсанда Brent маркалы мұнай бағасы бір баррелі 20 долларға дейін түсуі мүмкін деп отыр. Бұл - 2002 жылдың басындағы ең төменгі көрсеткіш.