08 там, 2016 сағат 17:34

Мұхтар Тайжан. "Қазақ" идеясы енді жеңілмейді!

Соншама ғасырлар бойы қазақ халқы өз жерін найзамен қорғап, рухпен сақтап қалды. Ал біз - біздің буынымыз, неге өз күшімізге сенбейміз осы? Неге пессимизм пайда болады? Керісінше, біз жеңіп келе жатырмыз. Заңды тоқтаттық па, тоқтаттық! Комиссияны құрғыздық па, иә, солай. Ал, енді Комиссияның ішінде, мейірімді, сабырлы, парасатты жолмен мақсатымызға жетеміз. Бізді алдап-сулап тастауға жол бермейміз, оған халықтың өзі жібермейді. Билік те қазақ болған соң, өз халқының ұстанымын жақсы түсініп келе жатыр, меніңше.

Сондықтан еш күмәніңіз болмасын: бірігіп жерімізді қорғай аламыз, ағайын! Біздің буынымыз - мықты, сауатты! Ұрпақ алдында зор жауапкершілік барын ұмытпауымыз керек. "Қазақ" идеясы енді жеңілмейді, болды, тек қана жеңіп жүреді - көресіздер!..

Мұхтар Тайжанның фэйсбуктағы жазбасынан