#
#
Дүйсенбі 19/08/2019

Мұхтар Құл-Мұхаммед Абай шығармаларын оқу эстафетасын жалғастырды

  • 19.07.2019
  • 0
  • 710

Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед Абай шығармаларын оқу эстафетасын жалғастырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Жақында Абай атамыздың өлеңдерін оқу эстафетасын белгілі ғалым, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға жолдаған едім. Ол кісі қабыл алып, эстафетаға өзінің үнін қосыпты. Мұхтар Абрарұлы мырза Ұлы ақынның «Көк тұман – алдыңдағы келер заман» өлеңін оқып, «мен» мен «менікінің» мәнін жеткізіпті», - деп жазады Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мұхтар Құл-Мұхаммед Абайды тану дәстүрін достары Ресейдің мемлекет қайраткері, кезінде Мәдениет министрі болған М.Е.Швыдкойға, Әзербайжанның Ресейдегі Елшісі, әйгілі әнші-композиторы, ұзақ жылдар Мәденит министрі болған Полад Бұлбұлоғлыға, Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және теxнологиялар министрі қызметін атқарған Такео Кавамураға және Иорданияның Мәдениет министрі болған Нэнси Бакир xанымдарға жолдады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар