17 мау, 2019 сағат 10:30

«Мұқағали» фильмінің түсірілімі басталды

«Қазақфильмде» «Мұқағали» көркем фильмінің түсірілімі басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Картина ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі жайлы сыр шертеді. Фильмнің режиссері - танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов.

Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіруде. «Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында», - дейді фильмнің режиссері.


Түсірілім жұмыстары Өскемен қаласында басталды. Одан кейін түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы және Алматы облыстарына жол тартпақ.


Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.