#
#
Жексенбі 26/05/2019

Мүфтият оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді (Видео)

  • 22.04.2019
  • 0
  • 941

Биыл мұсылман қауымы асыға күтетін он екі айдың сұлтаны қасиетті Рамазан айы мамырда басталады. Қадір түні, Ораза айт мейрамы мен Құрбан айт күндері әлі нақтыланған жоқ.

Рамазанда ораза ұстау мұсылманға парыз. Араб тіліндегі "саум" (ораза) сөзі "адамның өзін тізгіндей білуі және жол бермеу" деген мағынаны білдіреді. Оразаның терминдік мағынасы – ниет ете отырып, таңның атысынан күннің батысына дейін ішіп-жеуден және басқа да нәпсі қалауынан тыйылу. 

Рамазан айында Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылып, тозақ есіктері жабылып, жын-шайтандар шынжырланады және осы айда тілектер қабыл болады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына оразаға қатысты көптеген сауал түседі. Ауыз бекітуге ниет еткендерді негізінен мынадай сұрақтар мазалайды екен:

  • Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
  • Сәресі уақытын күн шығысымен тоқтату керек пе?
  • Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма?
  • Ескі оразадан қарызы бар адам не істеуі керек?
  • Тарауих намазын тек ораза ұстағандар ғана оқи ма?
  • Сілекей жұтса, ораза бұзыла ма?
  • Ораза ұстаған адамға төсек қатынасына түсуге бола ма?
  • Ұшақтағы адам ауызашар уақытын қалай анықтайды?

Жиі қойылатын сауалдарға ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі сараптама секторының меңгерушісі Медет Құрмашұлы жауап берді. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

Sputnik Kazakhstan

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар