#
#
Бейсенбі 14/11/2019

МСҚ емдеу мекемелерін іріктеу процесін автоматтандырады

  • 14.08.2019
  • 0
  • 265

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігімен бірлесіп халыққа қызмет көрсететін емдеу мекемелерін іріктеу процесін автоматтандырып жатыр. Бұл туралы оңтүстік астанада медициналық сақтандыру мәселелері жөніндегі аймақтық штаб отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.

«Қаржыландыру көлемі артқаннан кейін медицина ұйымдарынан түсетін өтініштер мен келісімшарттар саны да екі есе көбейеді. Сондықтан біз сатып алу процесін де жетілдіріп жатырмыз. Биылғы жылдың үшінші тоқсанында қызмет көрсететін компаниялар базасын жасау, конкурсқа қатысуға өтініш беру, сатып алу процедурасы, жеткізушілерді іріктеу комиссияларының жұмысы да толығымен автоматтандырылады. Бұл жұмыстың бәрі электронды сатып алулар порталы арқылы онлайн режимде жүргізіледі», - деді Айбатыр Жұмағұлов.

Айтуынша, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынатын қызметтерді емдеу мекемелері арасында бөліске салу жұмыстарының нәтижесі денсаулық сақтау саласындағы төлем жүйелеріне жіберіледі. Содан кейін Қор мен жеткізушілер арасында келісімшарт бекітіледі. Бұл өзгерістердің бәрі де медициналық қызметтерді сатып алу процесінің ашықтығын, тиімділігін қамтамасыз етпек.

«Қазірдің өзінде Қорда келісімшарттар мен қосымша келісімдер автоматты түрде қалыптастыру функциясы іске қосылған. Осы тамыз айында құжаттардың бір бөлігіне цифрлық қолтаңбаның көмегімен қол қоюға мүмкіндік аламыз», деп қорытты МСҚ басшысы.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар