15 ақп, 2018 сағат 09:36

Митхун Чакраборти Шымкентке келеді (Видео)

Голливуд және Болливуд жұлдызы қазақстандық жобаларға қатысады. Бұл туралы Еуразиялық кинофестиваль директоры Мира Қарсақпаева мәлімдеді, - деп хабарлайды TVK арнасы

Үндістанның ең танымал әрі ең қымбат актері Митхун Чакраборти таяуда Оңтүстік Қазақстан облысына түсірілімге келеді. Ол тарихи лентаның құрылымына қатысады. 

"Біз сәуірде фильм түсіреміз, Чакрабортидің қатысуымен. Таза үнді фильмі. Үлкен қамал соғамыз және фильмнің Шымкентте түсірілгені барлық жерде айтылады", - дейді Мира Қарсақпаева. 


Сонымен қатар, таяуда қазақстандық режиссерлар тұңғыш рет Лондондағы кинофестивальге қатысады болып шықты. Мира Қарсақпаеваның айтуынша, оған 2016 жылдан бері түсірілген толықметражды кез келген фильм қатыса алады. Кинофестивальдің басты қонағы - Голливуд жұлдызы Бред Питт.