23 қаз, 2019 сағат 13:20

Мирзиёевтің жарлығымен 21 қазан Өзбек тілі мерекесі күні болып жарияланды

Өзбекстанның Президенті Шавкат Мирзияевтің жарлығымен 21 қазан «Өзбек тілі мерекесі» деп жарияланды, деп хабарлайды ӨзАА агенттігі.

Жаңадан ашылған «Ташкент Сити» кешеніндегі «Конгресс Холлда» өзбек тілінің мемлкекеттік тіл ретінде қолданылғанына отыз жыл толуына орай өткен салтанатты мерейтойда Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев 21 қазан күнін «Өзбек тілі мерекесі күні» деп жариялады.

Өзбекстан Президенті тілге байланысты өткен салтанатты іс-шарада, елде мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған күш-жігердің қисынды жалғасы ретінде тағы бір маңызды қадам басталғанын жеткізді.

«Мен бүгін «Өзбек тілінің мемлекеттік тіл ретінде беделі мен мәртебесін түбегейлі арттыру туралы» Жарлыққа қол қойдым. Онда айтылғандай «Мемлекеттік тіл жөніндегі» заң қабылданған күнінің тарихи орны мен маңызына сәйкес, 21 қазан күнін елімізде «Өзбек тілі мерекесі күні» деп жарияланды», -деді өз сөзінде Шавкат Мирзиёев.